» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ҮШІН 2019 ЖЫЛ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ТОЛЫ БОЛМАҚ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ҮШІН 2019 ЖЫЛ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ТОЛЫ БОЛМАҚ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы ауданының әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында сұхбат берді.
Қармақшы ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы 2018 жылы алдыңғы қатарда келеді.
Ауыл шаруашылығына негізделген аймақта экономикалық өсім қалыптасып отыр, атап айтқанда үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 10 млрд 378 млн. теңгені құрады.
Ауданымызда құрылыс қарқыны да жоғары. Жосалы кенті орталығынан 300 орындық №183 орта мектебінің құрылысы, Төретам кентінде жалпы сметалық құны 365,0 млн. теңге болатын денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, құрылысы аяқталды.
Сонымен бірге Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал» балабақшасы мен Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақшалары пайдалануға берілді.
Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілуде. 2018 жылы «Батыс-Европа Батыс-Қытай» автодәлізінен Дүр Оңғар, Иіркөл, Төребай би ауылдары мен ІІІ-Интернационал ауылдарының кірме жолдарына және «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» жолының күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттерден 1 млрд 171 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.
2019 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған лагер құрылысы жалғасын тауып, Жосалы кентінде газдандыру жобасы жүзеге асатын болады. Облыстық бюджеттен бөлінген 210,4 млн.теңгеге №105, №27, №85, №28, №29 мектептерінің бу қазандықтары қайта салынып, сұйытылған газға көшірілетін болады.
Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Аудандық маңыздағы «Қызылтам елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 7,0 млн.теңге қаржы бөлініп ЖСҚ әзірленді.
Баспасөз конференциясы барысында аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысы жөнінде, алдағы кезеңдегі міндет-межелер туралы жан-жақты әңгімелеп, журналистер тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.


26 қаңтар 2019 ж. 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930