» » ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ


Құрылыс: Ауданымызда әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, елді мекендерді байланыстыратын жолдарды жөндеу, ауылдың сәулеттік келбетін ашатын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 862 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда ол 93,3 пайызды құрады. Аудан көлемінде 12 айдың қорытындысы бойынша 23 850 шаршы метр болатын 167 жеке тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,6 пайызға өскен. Сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілген арендалық тұрғын үйлердің жалпы алаңы 15 777 шаршы метрді құрайды. Аудан бойынша құрылыс жұмыстарына салынған инсвестиция көлемі 2,9 млрд. теңгені құрады. «Нұрлы-Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы» объектісінің құрылыс жұмыстарына 2017 жылы облыстық бюджеттен 25 млн. теңге, 2018 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. 899 млн. теңге және облыстық бюджеттен 108,3 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал», Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақшалары пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысына облыстық бюджеттен 2017 жылы 100,0 млн. теңге, 2018 жылы 200 млн. теңге қаржы бөлінді. 2019 жылы құрылысы аяқталады. Нысанның жалпы сметалық құны 1 292,2 млн. теңгені құрайды. Мұнан бөлек, алдағы уақытта құрылысы жүргізілетін нысандардың жоба-сметалық құжаттамасын әзір­леуге 2018 жылы 23,7 млн. теңге қаржы жұмсалып, 9 нысанға ЖСҚ, нақтырақ айтқанда, Ақтөбе елді мекенінде қуаты жылына 1500 тонна құс етін өндіру бойынша құс фабрикасын салу үшін сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету жұмыстарының жоба-сметалық, Жосалы кентіндегі Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің ауласынан спорт алаңының құрылысы жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын, Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын, Жосалы кентіндегі бір пәтерлі тұрғын үй құрылысы жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын, ІІІ Интернационал ауылындағы спорт кешені құрылысы жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын, Байқоңыр қаласында жоғары қысымды жерасты жеткізуші газ құбырын ПК0-ден ПК8+17-ге дейін ауыстыру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.

15 қаңтар 2019 ж. 2 055 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 12:03
Canada Pharmacy Cialis Paypal Most Reliable Site To Buy Cialis Cialis En Farmacias Similares generic viagra India Pharmacy Zoloft

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031