» » Газдандыру жұмыстары

Газдандыру жұмыстары

Газ: Жосалы кентінін газдандыру мәселесіне байланысты 2018 жылы жалпы сметалық құны 1 млрд. 526 млн. теңгені құрайтын Жосалы кентінде автоматтандырылған газ тарату стансасын (АГТС) орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 2019 жылы Жосалы кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы үшін республикалық бюджеттен 753 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға биылғы жылы Жосалы кентіне газ кіргізу жұмыстары басталып, кенттің шығыс бетінің тұрғындары газға қосылады. Сонымен бірге, 2018 жылы Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің және Қуаңдария елді мекеніндегі №186 орта мектептің бу қазандықтарын сұйылтылған газге ауыстыру жұмыстарына ЖСҚ әзірленді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің бу қазандығын сұйылтылған газге ауыстыру жобасының құны 24,4 млн. теңге болып, облыстық «Жобалық кеңсенің» Үйлестіру кеңесіне ұсынылып, кеңеспен жоба мақұлданып, 2019 жылы жүзеге асырылады. Осы жұмыстармен бірге, Жосалы кентіндегі №183 орта мектептің бу қазандығын табиғи газге ауыстыру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, қажетті қаржы көлемі 14,6 млн. теңге болып нақтыланды. Қажетті қаржы бөлдіру жұмыстары жүргізілетін болады.

15 қаңтар 2019 ж. 1 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031