» » Ұстазға өңірдің жаңалығын білмеу – үлкен сын

Ұстазға өңірдің жаңалығын білмеу – үлкен сын

Өмірімнің көп бөлігі білім беру саласына арналды. Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп, зейнеттік демалысқа шыққан ардагер ұстазбын. Бірақ тынымсыз жұмыс істеген жанның қызметтен бірден қол үзіп, үйде отыруы қиын екен. Қазір "Полиглот" орталығында, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің "Интеллект" орталығында оқушыларды ҰБТ дайындаймын. Шәкірттерімнің жетістігі аз емес. Еңбегім ескеріліп "Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгіні" иелендім. ҰБТ дайындаған оқушыларым жоғары балл жинап, үмітті ақтады. "Алтын белгі" алып, грантпен оқуға түсті. Біздің осындай жетістіктерімізді аудан халқына жария ететін "Қармақшы таңы" атты төл басылымымыз бар. Қазір Қызылорда қаласында тұрамын. Осы газетте менің де шәкірттерім қызмет етеді. Олар күн сайын газет сайты арқылы аудан жаңалықтарын және газеттің электронды нұсқасын жіберіп отырады. Ал мен оны өзім ғана оқып қоймай, шәкірттерім, алыстағы ауылдастарыммен бөлісемін. Аймақтық басылымдарға тұрақты түрде жазылу – менің басты қағидам. Себебі ұстазға өңірдің жаңалығын жетік білмеу, кітап, газет-жорнал оқымау үлкен сын. Сондықтан "Ұстаз – ұлттың ұстыны" деген атқа сай болайық.

Бибігүл ӘБДІРАСЫЛОВА  
13 ақпан 2020 ж. 1 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 259
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031