» » Жұмысты бітірмей тыным таппаймын

Жұмысты бітірмей тыным таппаймын

Интернет ауылға да жетті. Ауыл қаладан қалып жатқан жоқ. Озық байланыс құралдары жаңалықты әлеуметтік желі арқылы тез жеткізгенімен бұрынғының адамдары пошта қызметін пайдаланып, газет бетін оқығанды әлі де жақсы көреді. Бұрын ауылға жаңалық әкелетін газет-жорналдар мен хаттарды анау қырдан почташы келе жатса асыға күтіп алатын. Бүгінде бұл сәттер ұмыт қалып бара жатса да үйге жаңалық, газет, хат әкелетін пошташы қызметі әлі де бар. Сондай ауылды газет бетіндегі жаңалықпен дер кезінде қамтып отырған таратушының бірі – Жұлдыз Қайырбекқызы.

Жұлдыз апайдың әр үйдің почта жәшігіне газет-жорналын, хат-хабарын тасып беріп жүргеніне міне үш жылдай уақыт өтіпті. Ол ІІІ Интернационал ауылының таратушысы. Осыған дейін ол «Қазпошта» да жұмыссыздықтың есебінен қызмет істеп келген. Кейін «Сыр медиаға» таратушы қызметіне орналасып бүгінде еңбегінің жемісін көруде. Одан бөлек ауылдың белсендісі. Кез келген жұмысқа білек сыбана араласып кететінін де жасырмайды.
– Редакциядан газет келісімен бірден ауылға таратуға асығамын. Себебі газет бетіне халық оқитын хабарландыру, қоғамдық қабылдау, асқа шақыру, құттықтау секілді маңызды ақпарат болуы мүмкін. Кеш оқып қалмас үшін сол күні-ақ таратып шығамын. Жұмысты ертерек бітірмейінше көңілім жайланбайды, – дейді таратушы.
Ауа-райының ыстық, суығына қарамай үй аралап «газеттеріңіз келді» деп есік қағатын осы бір жанның қашан да жүзінен мейірімнің лебі еседі. Оның жұмыс күні газет санаумен басталып, кешке дейін сөмкесін босатқанша зыр қағып тыным таппайды.
Жұлдыз Қайырбекқызының еңбегі елеусіз емес. 2017 жылы ақпарат саласының төл мерекесінде аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, оған қоса ауыл әкімдігінің ризашылығына да бөленіп жүр.
Үш бала тәрбиелеп өсірген ана, отбасының ұйытқысы. Жолдасы Болатбек Жаханов ауыл мешітінің бас имамы. Балаларын имандылыққа тәрбиелеген отбасы достық мекенінде де өзгеге өнеге.
 Ерсін СӘДУҰЛЫ
12 қараша 2019 ж. 1 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 953

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930