» » ЖАСТАР ЖАРШЫСЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

ЖАСТАР ЖАРШЫСЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

«Ақмешіт жастары» достарын шақырады. Иә, облыстағы жалғыз жастар газеті осындай тақырыппен Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан «Жастар ресурстық орталығында»  кездесуде өткізді. Өңір жастары бас қосқан келелі, аларынан берері көп жиынды «Сыр Медиа» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Марат Аралбаев ашты. Бас қосуға облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Абылайхан Сабанбаев, облысқа қарасты барлық ауданның «жастар ресурстық орталығы» директорлары мен  студенттер, аймақтағы белсенді жас­тар қатысты.
Бұқаралық ақпарат құра­лындағы жастар тақырыбының не­гізгі бағыты сан саланы қам­тиды. Онда құқықтары мен бос­тандықтарын қамтамасыз ету, білім, жұмыспен қамту са­ласындағы кепілдіктер, кәсіп­керлік, талантты қолдау, оларды замандастарына үлгі ету, жас­тар бірлестіктерінің жұмысын на­сихаттау назарға алынған.  Ба­сылымның ауқымды кездесуді өт­кізу­дегі мақсаты – жастардың жақ­сы ісін жария ететін басылыммен қоян-қолтық араласып, бірлесіп жұмыс жүргізуге шақыру.  
Тақырыбы сан алуан рес­пу­бликалық не облыстық дең­­гейдегі қоғамдық-саяси, әлеу­меттік, мәдени-әдеби қай басылым болса да бір нөмірде, тіпті айлық жоспардың өзінде жастардың өзекті мәселесін қамти алмауы мүмкін. Бірақ арнайы жастар бағытындағы газет-журнал, апталық, айлық шығарылымында толыққанды қамту мүмкіндігіне ие. Шарада осы мүмкіндік кеңінен талқылана түсті.
– Газет аптасына 2 рет шығады. Бұған дейін 12 бет болып шыққан басылым қазір Д2 форматына көшті. Айына бір рет оқырманға ұсынылатын 40-қа жуық бет, 150-ден аса айдар бар. Сонымен қатар әр ауданға  кураторлар бекіттік. Олар аудандағы жастар ресурстық орталықтары мамандарымен бірге жұмыс істейтін болады, – деді газет редакторы Айжан Абдуллаева.
Шара соңында кездесуге қа­тысушылар өз пікірлерімен бө­лісті. Мұнан кейін аудандардан келген ресурстық орталықтардың директорлары шығармашылық үйінде орналасқан газет ұжым­дарымен танысты.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
21 мамыр 2019 ж. 971 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930