» » Ауылдағы аспаз

Ауылдағы аспаз

Ауыл – еңбек пен берекенің ошағы. Иіркөл ауылында биыл ғана өз жұмысын бастаған «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығы жемісті еңбек етуде. Шаруақожалық биыл алғашқы өнімін алып, жақсы көрсеткішке қол жеткізуді көздеп отыр.
Егін алқабына 20 жылдан бері ештеңе егілмеген. Осы шаруа қожалығының 250 гектарына күріш, 10 гектарына бақша дақылдарын егіп, диқандар жемісін жинап жатыр. Шаруа қожалықта бүгінде 10 адам жұмыс істейді. Соның бірі – Гүлмира Байділдаева. Ол наурыз айынан бастап осы шаруа қожалықта аспаз болып жұмыс істеп келеді.
Шаруаларға тәтті тамақ пен дәмді ас дайындап отырған аспаздың еңбегі ерекше. Аспаз егін алқабындағы шаруалар мен диқандарға мезгілімен ыстық тамағын беріп, тәтті-дәмдінің түр-түрін дайындайды.
Гүлмираның істеген әр тамағын сүйсіне жейміз. Таңертеңгілік шайы мен түскі, кешкі асты мезгілімен дайындап береді. Егін алқабынан шаршап келгенде біз үшін әзірленген асты тоя жеп аламыз. Оның бұл еңбегіне алғыс айтамыз, – дейді шаруалар.
Гүлмира аспаздығынан бөлек ауылдық поштада газет тасымалдаушы болып жұмыс істейді.
Бүгінгі қоғамда бір айлыққа қарап өмір сүруге болмайды. Өзім жан-жақты болғанды жақсы көремін. Сондықтан барлық іске үлгеруге тырысамын. Азанда газет таратамын, одан егін басына келіп тамақ дайындаймын. Оны шаруаларға беремін. Үйдегі балалардың сабағы мен тәрбиесіне де көңіл бөлемін, – дейді бесаспап жан.
Ол өмірлік серігі Қуанышпен бірге 6 баланы өсіріп, тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылардың қатарында. Бүгінде тұңғышы Гүлдана Қазалы қаласына тұрмысқа шығып, бір үйдің түтінін түтетіп отыр. Ал Берік, Сәкен, Эльвира, Мақсат мектеп оқушылары. Сүт кенжесі Асхат та биыл алғаш мектепке барды.
14 қазан 2019 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 963

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930