» » "Нұр-Афанасьева" жеке куәлігі. ІІМ таралып жатқан суретке қатысты пікір білдірді

"Нұр-Афанасьева" жеке куәлігі. ІІМ таралып жатқан суретке қатысты пікір білдірді

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Нұр-Афанасьева" жеке куәлігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде тегіне "Нұр" қосымшасы қосылған қыздың жеке куәлігінің суреттері белсенді түрде таралып жатыр. Бірнеше күн бұрын газеттің үзіндісі жарияланған еді, онда 1 сәуірден бастап қазақстандықтардың тегіне қосымша жалғау міндеттелетіні жазылған.
"Мессенджерлерде таралып жатқан жеке куәлікке қатысты хабарлаймыз, ішкі істер органдарынан мұндай құжат, жеке куәлік берілген жоқ. Бұл шындыққа жанаспайды", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Айта кетейік, 28 наурызда Желі қолданушылары газет үзіндісінен "жаңалықты" таратқан, онда 2019 жылы 1 сәуірден бастап қазақстандықтардың тегіне қосымша жалғау міндеттелетіні жазылған. "Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері бірінші сәуірге арналған (күлкі күніне арналған) әзіл екенін мәлімдеді. Мұндай жазба 28 наурызда шыққан Шучинск аудандық "Стабильная газета" басылымында шыққан. Кейінірек газет редакторы бұл әзілді кім ойлап тапқанын айтып берді.

31 наурыз 2019 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30