» » Қазақстанда борышкерлер банктен есепшот аша алмайды

Қазақстанда борышкерлер банктен есепшот аша алмайды

Қазақстанда борышкерлер банктен есепшот аша алмайды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде берешегі бар салық төлеушілерге қатысты қолданылатын жаңа шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Салық әкімшілігін күшейту мақсатында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап салықтық, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушінің (заңды тұлға, жеке кәсіпкер, сондай-ақ, жеке тұлға) шот ашу туралы өтінішін банктердің қабылдамау міндетін қарастыратын Салық кодексінің нормасы енгізілді», - деп жауап берді Комитет өкілі редакцияның сауалына.
Сондай-ақ, ведомствода аталмыш норма мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарына, ҚР-ның «Мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйесі туралы» заңына сәйкес бекітілген білім алуға арналған жинақтаушы салымдар туралы келісім бойынша ашылған банк шоттарына таралмайтынын жеткізді.
«Яғни, жеке тұлға банк шотын осындай мақсаттар үшін ашатын болса, банк оған рұқсат бермеуге құқы жоқ. Тіпті салық берешегі болған жағдайда да банк өтінішті қабылдады», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінде.
inform.kz

27 тамыз 2018 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 596

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930