» » Қазақстандықтар салық берешегінің бары туралы қайдан біле алады

Қазақстандықтар салық берешегінің бары туралы қайдан біле алады

Қазақстандықтар салық берешегінің бары туралы қайдан біле алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінде азаматтардың өздерінде салық берешегінің бар-жоғын қалай анықтауға болатыны түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Салық кодексінің нормаларына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың мүлкінің, жер салығының, жеке тұлғалардың көлік құралының салықтық міндеттемелерінің есептелген сомасы туралы мәліметті жеке тұлғаларға салық органының интернет-ресурсы арқылы таратады. Сонымен бірге, коммуналдық қызметті ұсынушылардың есебіне арналған құжат, салық төлеушінің электронды поштасы немесе салық төлеуші берген ұялы телефон нөміріне хабарламалық мәтін арқылы да салық берешегі туралы мәліметті білуге болады», - делінген редакцияның сауал хатына комитеттің берілген жауабында.
Бұл үшін салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына жазбаша түрде электронды поштасын, ұялы телефонының нөмірін қалдырады.
Сонымен қатар, салық төлеушіге мемлекеттік кірістер органымен белгіленген салықтың сомасы туралы хабарлама жолданады. Хабарлама алынған кезде салық төлеушінің қолы қойылып, оның хабарламаны алғаны осылай расталады.
«Сондай-ақ, салық төлеушілердің берешегі бары туралы ақпараттандырумен қамтамасыз ету мақсатында комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы мен «Электронды үкімет» порталында «Салық берешегінің бары жоғы (немесе бары) туралы мәлімет» электронды сервисі жұмысын бастаған. Ол сервис ЖСН/БСН арқылы салық берешегінің бары немесе жоғы туралы мәліметті көрсете алады», - делінген комитеттің жауабында.
23 тамыз 2018 ж. 1 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 558
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930