» » ҚР ІІМ жеке куәліктерді уақытында ауыстыруды ескертті

ҚР ІІМ жеке куәліктерді уақытында ауыстыруды ескертті

ҚР Ішкі істер министрлігі 2009 жылдан бастап берілген электронды ақпарат тасымалдаушысы бар жеке куәліктерді уақытында ауыстыру қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР ІІМ мәліметінше, 2009 жылдан бастап Қазақстанда ел азаматтарына жеке басты куәландыратын биометриялық құжат беріле бастады.  Халықаралық стандарттарға сәйкес, олардың жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды және келесі жылы аяқталады. «Осыған орай ІІМ жарамдылық мерзімі аяқталатын жеке басты куәландыратын құжатты дер кезінде ауыстыру қажеттілігін ескертеді. Құжатты республика аумағындағы кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыруға болады. Сонымен қатар, құжаттың ескі үлгісін жаңасына (дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес түрі өзгертілген) ауыстыруға ниет білдірген жағдайда оны ХҚКО-ға бармай-ақ «электронды үкімет» порталы арқылы сұраныс жіберіп рәсімдеуге болады», - делінген ведомство хабарламасында. Ескерте кетерлігі, қолданыстағы құжатты жаңасына рәсімдеуге бұрынғы жарамдылық мерзімінің аяқталуына 1 ай қалған кезде ғана рұқсат беріледі. Мұндай шара азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалып отыр.

inform.kz
13 желтоқсан 2018 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 827
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 551

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930