» » ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ДЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА АЛУҒА БОЛАДЫ

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ДЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА АЛУҒА БОЛАДЫ

Енді жүргізуші куәлігін ауыстыру мен көлік құралын тіркеу мемлекеттік қызметтерін Egov.kzэлектрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта алуға болады.«Азаматтарға арналған үкіметтің» Қызылорда облысы бойынша филиал қызметкерлері осы қызметтерді автокөлік иелері арасында кеңінен ақпараттандыру және танымал ету мақсатында кең көлемді акция өткізді.
Іс-шара бір мезетте облыс орталығы мен аудан орталықтарындағы мақсатты аудитория көп жиналатын мамандандырылған ХҚКО-да, көлік сататын базарларда, автосалондарда өтті.
«Аталмыш қызметтерді онлайн-режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, тиісті өтінімді толтырып және өзінің жеке электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойса болғаны.
Бұрын көлік құралын сатушы және сатып алушы осы қызметті көрсетуге өтінім беру үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне (ХҚКО, мамандандырылған ХҚКО) бір уақытта барлық қажетті құжаттарымен баруы қажет болатын. Енді азаматтар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде өтініш беру мүмкіндігінеие болды», - дейді мемлекеттік корпорацияның облыстық филиал директорының орынбасары Айнұр Тобаева.
Мысалы, көлік құралын сатушы порталда авторизацияланады, «Көлік және коммуникация» бөліміне ауысады және «Көлік құралының тіркеу үшін электрондық өтініш беру» деген қызметті таңдайды. Содан кейін қажетті көлік құралының тізімін анықтайды, алаңды толтырады және өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалана отырып, қол қояды. Онлайн қызметі сатушының барлық айыппұлдары мен салықтарын толық төлеуді, өзекті техникалық қарап тексеру болуын талап етеді. Осыдан кейін, көлік сатып алушы порталының жеке кабинетіне ол өтініммен таныса алады және қызметалушыға «танысты, сұрау салуға өтуіне болады» деген хабарлама келеді.
Егер сатып алушы мәмілеге келісім берген жағдайда, ол төленбеген айыппұлдар мен салық берешегін болуына тексерілетін келесі қадамға барады.
Сондай-ақ, осы кезеңде, сатып алушының жай немесе жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдауға мүмкіндігі бар.
Ал жүргізуші куәлігін ауыстыру тіпті оңай. Электронды порталда өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса жүктейсіз. Жеке кабинетте құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін мамандандырылған ХҚКО-ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кететесіз.
Мамандандырылған ХҚКО-ның құжат беру бөлімінде ауыстыратын ескі жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік баж төлегені туралы электрондық чек пен өтінішті ұсынады.
Жүргізуші куәлігінің мемлекеттік баж құны бұрынғысынша өзгертусіз қалды – 1,25 АЕК көлемінде, яғни 3 006, 25 теңге.
Егер сіз жүргізуші куәлігін мерзімі өтіп кеткеннен кейін ауыстыратын болсаңыз, онда Сізге псих - және нарко - диспансерден анықтама, сондай-ақ 083-формадағы медициналық анықтама қажет болады.
Айта кетейік, қызмет іске қосылғаннан бері150-ге жуыққызылордалық жаңашылдықтың игілігін көріп,аталмыш қызметтерді онлайн түрде алған.
Облыс көлемінде өтіп жатқан бүгінгі акция барысында 1000-ға жуық ақпараттық брошюралар таратылып, кеңес берілді. Шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

syr-media.kz
10 қыркүйек 2018 ж. 1 087 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 169

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930