» » ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

   

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады.  

Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелеріне бармай-ақ,автокөліктерін электрондық үкімет порталында рәсімдей алады.
«Ведомствоаралық комиссияның аясында біз мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізудеміз. Автокөліктерді тіркеу қызметіне деген сұраныс қарқынды түрде өсіп келе жатқандықтан,  біз бұл қызметті электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, біздің корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетілді», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.
Портал арқылы өтінім бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажеті жоқ, себебі қажетті мәліметтердің барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады. 
«Бұған дейін көлікті сатушы мен сатып алушы өтінім беру үшін бір уақытта «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне барып, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс еді. Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ, онлайн тәртіпте жолдай алады. Электрондық үкімет порталы арқылы біз алдағы уақытта тағы да біраз мемелкеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетпекпіз», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек.  Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.
Еске сала кетейік, биылғы мамыр айынан бастап ҚР ІІМ  автокөлікті тіркеу кезіндегі салыстыруды алып тастаған болатын. Енді есептен шығару немесе көлікті тіркеу кезінде нөмірлік агрегатты тексертудің қажеті жоқ. Мұндай талап тек көлікті алғашқы  рет тіркегенде қойылады.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудің және психиатр, наркологтан анықтама әкелудің қажеті жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте ауыстыруға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметі

02 шілде 2018 ж. 1 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 885

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930