» » Шетелде тұратын 92 қазақстандық уақытша тіркеуді рәсімдеді

Шетелде тұратын 92 қазақстандық уақытша тіркеуді рәсімдеді

2017 жылғы қаңтарда eGov.kz порталында үйден шықпай-ақ тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу мүмкіндігі жүзеге асырылған болатын. Бұл қызмет бойынша бір жерге 1 айдан 48 айға дейін уақытша тіркеле алады, бұдан басқа тұрақты мекенжайы сақталады.
Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. «5 ақпараттық жүйенің («Жеке тұлғалар» МДҚ, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ, «Мекенжай тіркелімі» АЖ, «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» АЖ, «Электрондық үкімет порталы» АЖ) интеграциясының арқасында қазіргі уақытта азаматтар онлайн режимде небәрі 15 минут ішінде уақытша тіркеу қызметін рәсімдей алады» делінген хабарламада. 2017 жылы электрондық үкіметтің порталы арқылы уақытша тіркеуге барлығы 30 746 адам тіркелген. Олардың 48% – ерлер, 52% – әйелдер. Аталған қызметті пайдаланған адамдардың ішіндегі ең жасы 16 жасар Астана қаласы Алматы ауданының тұрғыны. Ал ересек адамдардың осы қызметті пайдаланушылардың ішіндегі ең жасы үлкені – 94 жастағы қария болып шықты (Алматы қаласы, Медеу ауданы). Мұнымен қоса 92 азамат шетелден Қазақстандағы тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуді рәсімдеген. Уақытша тіркеу қызметін пайдалану үшін арыз беруші мен тұрғын үй иесінің қолдану күші бар (мерзімі өтпеген) ЭЦҚ болуы және eGov.kz порталында тіркелуі шарт. Уақытша тіркеуге тұру қызметі «Азаматтық, көші-қон және көшіп-келу» бөлімінің «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімшесінде қолжетімді. Бөлімшеде көрсетілген нысанда (формада) қажетті деректерді дұрыс толтыру қажет. Қызмет тегін. Уақытша тіркеуге тұру қызметінің нәтижесін мекенжай анықтамасын сұрату арқылы тексеруге болады. Уақытша тіркеу қызметін пайдалану нұсқаулығы мына сілтемеде ораналасқан.
18 сәуір 2018 ж. 1 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930