» » Тіркелмеген телефондарға қызмет көрсетілмейді

Тіркелмеген телефондарға қызмет көрсетілмейді


2019 жылдың қаңтар айынан бастап тіркелмеген телефондар үшін байланыс қызметтері көрсетілмейтін болады. Көптеген тұтынушылар ұялы телефон операторлары бөлімшелеріне жүгінгісі келмейді. Сондықтан бүгінде электрондық-цифрлы қолтаңба, SMS немесе USSD-командалар арқылы онлайн тіркеудің баламалы жолдары қарстырылуда. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында айтты.
– БАҚ туралы заңның жүзеге асырылуы бойынша күрделі мәселелер жоқ. Міндетті сәйкестендіруге қатысты біз «пікір білдірген» интернет-ресурс басшыларының барлығымен кездесіп сөйлестік. Қажет жұмысты олар жақын уақытта атқарып бітеді. Бұл тұрғыдан бір реттік SMS-құпиясөз арқылы тіркеу ыңғайлы болып тұр, - деді Абаев.
Министр IMEI-кодтарды тіркеу туралы шешім экстремизм және терроризммен күресті күшейту аясында 2016-ші жылы енгізілгенін атап өтті.
– IMEI-код ұялы телефон иесін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездесіп жатады. Бұл жағдайға байланысты бірден-бір шешім ретінде IMEI-кодты ЖСН және абонемент нөміріне байланыстыру болып отыр. Ал телефон осылайша тіркелген кезде, оны ұрлау әрекеті де мағынасыз болып қалады, – деді министр.
Министрдің айтуынша, уақытша тіркеу кезіндегідей жағдай қалыптаспас үшін бұл тәртіпті енгізуге бір жылдай уақыт бөлініп отыр.
22 ақпан 2018 ж. 1 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930