» » Электронды үкімет порталында жаңа қызмет түрі пайда болды

Электронды үкімет порталында жаңа қызмет түрі пайда болды

Электронды үкімет порталында жаңа біріккен қызмет түрі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   Енді азаматтар заңды тұлғаны тіркеу кезеңінде-ақ банктік есепшотты электронды ашуға өтінім беріп, қызметкерлерді сақтандыру келісімшартын бекіте алады. Олар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және жұмыскерді өз еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу деп аталатын жиынтық қызметті пайдаланады. «Осы уақытқа дейін тұрғындар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге тұрғызған соң, банктік шот ашу үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы банкке апаратын. Содан кейін жұмыскерлерді міндетті сақтандыру үшін сақтандыру компаниясына баруы қажет еді. Ал енді біріккен жаңа композиттік қызмет арқасында екі жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктегі шоттың нөмірін, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісімшартты алу мүмкіндігі туды», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрайымы Ботагөз Қасабек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Басқарма төрағасының айтуынша, жаңа композиттік қызметке екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру компанияларын қосу бойынша бірқатар жұмыс атқарылған. «Бүгінгі таңда  аталған композиттік қызметке екі банк - «ForteBank» АҚ және «Цеснабанк» АҚ және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» сақтандыру компаниясы» АҚ қосылды. 18 қаңтарға дейін электронды үкімет арқылы «Фортебанк» АҚ-да екі дербес шот тіркелді. Алдағы уақытта жаңа композиттік қызметке қосылатын банктер мен сақтандыру компанияларының саны өседі, сондай-ақ, азаматтардың жайлылығы мен еліміздегі бизнес-климаттың жақсаруы үшін бірнеше жаңа қызмет түрі ашылды», - деп толықтырды өз сөзін Б. Қасабек. Жаңа қызмет Дүниежүзілік банктің «Doing Business» атты рейтингінде Қазақстанның кәсіпорындарды тіркеу, электрмен жабдықтау, меншікті тіркеу, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету критерийлері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға септігін тигізбек.  Еске сала кетсек, халықаралық Doing Business рейтингі жыл сайын жарияланады және ол 190 мемлекетті қамтиды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 36-орынға тұрақтады.   



21 қаңтар 2018 ж. 1 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031