» » ЖАҢА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ГАЗЕТ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЖАҢА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ГАЗЕТ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Астанада латын графикасындағы жаңа басылым «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық танымдық газеті таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басылымды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп шығарған. Бас редакторы - Қуат Әуесбай.
«Араға 90 жыл салып, Қазақстан латын графикасындағы басылым шығаруды қолға алды. Бұл баршамыз үшін жақсы үрдіс деп есептейміз. Оның қоғам кеңістігінде де алатын орны зор болмақ. Бұл газет жаңалықтың жаршысы ғана емес, латын қарпінде оқып білуге, сауатты жазуға бейімделуге, үйренуге және рухани демалуға мүмкіндік береді», - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен таныстыру рәсімінде.
«Тіл-Қазына» газеті латын негізді қазақ әліпбиін нәсихаттап, жаңа қазақ емлесінің ережелерін түсіндіруге бағытталған. Онда «Әліпби», «Рухани жаңғыру», «Кие», «Ғалам», «Емле», «Сарап» және «Таным» айдарлары арқылы жаңа әліпби туралы ақпарат, танымдық материалдар жарық көреді.

Газет А3 форматында 8 беттен құралған. Бастапқыда айына екі рет 3 мың тиражбен шығару жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайтында газеттің электронды нұсқасы жарияланып, онлайн әзірленеді.
Еске сала кетсек, латын графикасына көшу ұсынысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған болатын.
2017 жылдың 27 қазанында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

04 қараша 2018 ж. 1 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930