» » » Латын графикасын нақтылауды тапсырды

Латын графикасын нақтылауды тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында латын графикасындағы әріптердің жазылуын толығымен нақтылауды тапсырды.
– Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы көп жұмыс атқарылды. Ұйымдастыру іс-шаралары аяқталып, басым бағыттар анықталды. Жаңа латын әліпбиі қабылданды. Қазақ тілінде «і» әрпі бар, мысалы – іні, ілім. Сондай-ақ, латын алфавитінде де тура сондай әріп бар. Біздің «е» деген әрпіміз ағылшын тілінде «и»-ді білдіреді. Неге соны пайдаланбасқа?! «и» мен «й» әріптерін бір таңбамен жазғымыз келеді ма, нүктелерсіз? Бұл қалай болады? Зерттеу керек. Мәселелерді толықтай шешуге жақындап қалдық. Сондықтан латын алфавитін көп кешіктірмей енгізу керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы 26 қазанда қазақ әліпбиінің латынша нұсқасын бекітті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 1 желтоқсанында «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі барасында еліміздің не себепті латын әліпбиіне көшіп жатқанын түсіндірген болатын. Елбасы латын қарпімен бірге интернет, ғылым мен мәдениет тіліне енетінімізді нақтылап айтқан.
13 ақпан 2018 ж. 2 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031