» » Латын әліпбиіне қадам басу

Латын әліпбиіне қадам басу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауындағы жетінші тармағында - Латын әліпбиіне көшу мәселесі де қозғалған болатын. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттілігі айтылған. Елбасының көрегенді саясатын қолдау мақсатында 2018 жылдың 16 қаңтар күні Рухани жаңғыруымыздың Темірқазығына айналған Латын әліпбиіне өту мәселесін талқыл…ау үшін ҚХА-ның Байқоңыр қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.
Талқылау барысында Қазақстанда 1929 жылға дейін араб жазуы болғаны, ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылғаны, 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келгені сөз болып, латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысқандығы айтылды.
Латын әліпбиін талқылауға жалпы халық белсене қатысып, қоғамдағы өткір пікірталастың арқасында латын әліпбиінің парламентте таныстырылған алғашқы нұсқасы қабылданбай, жүздеген нұсқадан төл дауысты дыбыстарымызды апострофпен белгілеген екінші нұсқа қабылданғандығы жайында кеңестің белсенді мүшесі Б.Қалиянова айтып өтті.
Ең басты талап – жаңа әліпби клавиатураға негізделуі керек болды. Сондықтан да, кілең тіл мамандары мен тілші ғалымдардан құралған комиссия «өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайттын», қазақы төл дауысты дыбыстарымызды екі әріппен белгіленуден құтқарып қалған осы нұсқаны қабылдады,-деп кеңес төрағасының орынбасары Б.Жанаев жаңа әліпбиді қолдайтынын жеткізді.
Алғашқыда бәрі тосын болатыны белгілі, ешнәрсе оңай қабылданбайды. «Көш жүре түзеледі» дегендей, бұл жаңа қазақ әліпбиіндегі 32 әріп енді 32 тістен шыққан соң, өмірде қолдану барысында сүзгіден өтетіні анық. Уақыт елегінен өтіп, өмір өз түзетулерін жасайтынын да ұмытпайық! Ең бастысы, 2017 жылы 26 қазан күні – 1940 жылы Кеңес империясы күшпен бір күнде кіргізе салған кириллица қорасында 77 жыл қамалған әліпбиіміз бодандықтан босаған күн,-деп кеңес мүшесі Ж.Байсалов талқылауды аяқтады.
16 қаңтар 2018 ж. 4 624 2

JeaCold от 25 ақпан 2019 18:33
Nebenwirkung Levitra Is Keflex Safe With Coumadin canadian pharmacy cialis Priligy Generico Espana Is There A Generic Cialis Or Viagra

WillieMug от 24 қараша 2019 09:06
התחנה עונה 2 פרק 5 לצפייה ישירה הנוכלות פרק 4 לצפייה ישירה ריק ומורטי עונה 4 פרק 3 לצפייה ישירה התחנה עונה 2 פרק 5 לצפייה ישירה הנוכלות פרק 4 לצפייה ישירה ריק ומורטי עונה 4 פרק 3 לצפייה ישירה

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031