» » Аудан айнасына құрмет

Аудан айнасына құрмет



28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан айнасының мамандары
марапат төрінен көрінді. Құттықтаулардың алғашқы легі аудан әкімі Мұса Қалдарбековтің қабылдауынан басталды. Аудан әкімдігінде өткен кездесуде аудан басшысы кәсіби мерекеге байланысты аудан журналистерінежәне сала ардагерлеріне ізгі лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді.
– Мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегендей бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасының алтын көпірі болып келеді. Ауданның бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері әрқашан шынайы ақпараттың қайнар көзі. Мемлекет мүддесі, ұлт мұраты мен ұрпақ болашағына бағытталған мақалалардың  деңгейі артып, көкжиегі кеңеюде. Журналистер қауымына жаңалықтарыңызбен қуантып, шығармашылықтарыңыз  шыңдала беруге шын жүректен тілектеспін. Бүгінгі кәсіби мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, игі бастамаларыңызға зор шығармашылық табыстар, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.
Жиын барысында «Қармақшы таңы» газетінде ұзақ жылдар еңбек еткен сала ардагері Бақыт Тәжібайқызы, «Қармақ­шы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Жаудатбекқызы, «Бәйтерек» газетінің бас редакторы Нұрбай Әбілахатұлы, «Сыр дидары» газетінің меншікті тілшісі Қуаныш Төреев сөз сөйлеп, әріптестік ізгі лебіздерін білдірді. Мерекелік кездесуді аудан әкімі қорытындылап, өңірдегі журналистика саласының үздіктеріне алғыс хаттар табыстады.
Одан кейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов, аудандық сот төрағасы Дархан Кентбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Гүлжаухар Раевалар мерекелік қабылдау өткізді.
– Тәуелсіздік жылдарында  тіліміз бен  ділімізді, қаймағы бұзылмаған  ұлттық салт-дәстүрімізді  насихаттау­да  аудан  айнасы «Қармақшы таңы» басылымы еліміздің  өркендеп өсуіне өзіндік үлесін қосып  келеді. Осындай  ынтымақты  ұжымда адал  еңбегімен қатар  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде  қоғам жұмысына белсене атсалысып келе жатқан сала қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Ел өркендеуі жолындағы еселі еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді кездесуде Г.Раева. Сондай-ақ аталған қабылдауларда мекемелердің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ал аудандық білім бөлімі, аудандық орталық аурухана, жыраулар үйі  мекемеге арнайы келіп, құттықтау хаттарын табыстап, ізгі тілегін ақтарды. Кәсіби мерекеде бас басылым қызметкерлерінің мерейін көтеріп, қаржылай қолдау білдірген жанның бірі – Ақжар ауылындағы «Ораз ахун ЛТД» ЖШС төрағасы Жомарт Жалғасбаевқа айтар алғысымыз шексіз.
Алдағы уақытта да аудан айнасы өңірдің өсіп-өркендеуі мен кемел келешегін нығайту жолында зор үлес қосып, жақсы жаңалықтардың жаршысы бола бермек.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
03 шілде 2021 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031