» » СӨЗ ҚҰНЫ бөз құнынан арзан емес

СӨЗ ҚҰНЫ бөз құнынан арзан емес

Қазақтың қадірлі де қасиетті сөздерін қазіргі кезде халық көп қолданып, қадірін кетіріп жүргені жасырын емес. Мысалы: Ұлы, Абыз тағы сол сияқты кезінде ата-бабаларымыз қасиет тұтқан сөздер. Ұлының аты –Ұлы. Ұлыға Абай, Әлихан, Бауыржандар лайық десек өтірік айтқандық емес. Осындай Ұлы деген сөзді кейбір ағайындарымыз еліне, халқына сіңірген елеулі еңбегі болмаса да өздеріне теліп жүр. Бұл шоқпар – ауыр шоқпар, бірақ оны олар көтере алып жүрсе болғаны-да.

Абыз. Абыз – деп Қорқытты, Асанқайғыны айтып жатсақ жарасады. Ал, кеше ғана кеңестік партия және басқа да салада жұмыс істеп, бүгінде салиқалы жасқа келгендердің мерейтойларына немесе ақпараттық басылымдарда әсіре мақтауға сөз таба алмай «Абыз» деп үкілеп айдар тағып жатады. Абыз деген атқа лайық па? Оған қарап жатқан ешкім жоқ, тек сол күнді дүркіретіп атап өтсе болды.
Тағы да, халқымыз жоғары құрмет тұтатын сөздеріміздің бірі – ардақты, ардагер деген ұлағатты сөз­дер. Енді, осындай қадірлі ұғымды қомсынып, арда де­ген сөздерге көшіппіз. Арда тұлға, Арда жазушы... Негізі арда деген ауыр сөз. Арда деп мүйізді ірі қараның жастан асқанша енесін еміп тайыншадай болып жүрген төлін атайды. Малдың аты мал емес пе, жастан асқанша анасын еміп семірген ол, кейде өсе келе енесіне де артылады. Міне, осындай малды арда деп атайды. Арда деген сөздің ауырлау екенін Сыр сүлейі Шораяқтың Ома­рының мына бір өлең жолдарынан аңғаруға болады:
Жігітке жаңғалақтық жараспайды,
Сиырдың тайында емген ардасындай.
Жігітке өнерпаздық өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай.
Бірде Исатай батыр Жәңгір ханның ордасына төтеннен барып қалады. Мұны жақтырмаған хан: «Арда Исатай келдің бе?» деген екен. Сонда Исатай:
Арда деп мені сөккенің,
Арымды менің төккенің.
Арда деген ауыр сөз,
Бар ма еді анаңа шөккенім, – деп жауап қайырған екен. Ұзын сөзді қысқарта айта келсек, қазақтың қасиетті сөздерін уақытша болса да мақтау мен қолпаштауға бола қадірін кетірмесек екен.
Мұхит НҰРМАХАН.
17 қаңтар 2019 ж. 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 260
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031