» » ТОЙ ТІЗГІНІ БӘСЕКЕ МЕ, БЕРЕКЕ МЕ?

ТОЙ ТІЗГІНІ БӘСЕКЕ МЕ, БЕРЕКЕ МЕ?

Қазақтың тойшыл қауым екені әу бастан белгілі. Осы қасиеті әлі күнге дейін жойылмаған. Қайта жылдан-жылға тойды барынша аста-төк етіп өткізу халық арасында бәсекеге айналып келе жатқандай. Хан сарайындай мейрамхана, аста-төк дастарҚан мәзірі, қымбат көліктер... Көрпемізге қарай көсілу жоқ, «ел-жұрттан қалмасақ болғаны» деген жалған намысты желеулетіп, дүркіретіп өткіземіз. Бұл қасиет қазақтың жомарттығы ма, әлде ысырапшылдығы ма?
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, той күні белгіленгеннен бастап қызу тірлік пен несиенің қамына кірісе бастаймыз. Онсыз тірлік басталмайды. Ең бірінші жұмыс, заманауи талапқа сай мейрамхана табу. Ертеректегідей киіз үй немесе есік алдына кілем іліп, мақтамен жаза салатын заман емес. Той маусымында олардың да бағасы шарықтайтыны белгілі. Шамамен, кем дегенде 250-300 адамға тапсырыс берсеңіз, жан басына қойғандағы ең арзан орын бағасының өзі 2000-2500 теңге көлемінде. Есептей беріңіз, мейрамхананың өзіне кем дегенде 600-700 мың теңгеңізді бөлек қойғаныңыз жөн. Оған қоса, дастарқан мәзірі, шақыру билеті мен тойхана дизайны тағы бар. Ендігі кезекте көптің көңілін таба білетін асаба табу. Қазіргі асабалар жаттанды сценариймен тойыңызды өткізіп шыға келеді. Сол үшін ең жақсысын, халықты ұйытып әкететінін жалдау. Ол тойға жалғыз келмейтіні белгілі, арнайы «комплектісі» тағы бар. Шамамен, 100-150 мыңды асабаның қолына санап бересіз. Одан кейінгі бірінен бірінің сәні мен сапасы асатын қалыңдықтың той көйлегі. Сауда нүктелеріндегі, ең арзан той көйлегінің бағасы 40-50 мың теңге көлемінде. Оған қоса қалыңдықтың аяқ киімі, сырға, алқа, фата, диадема, гүл сынды қосымша заттары тағы бар. Оның өзі көйлегін қоса есептегенде 80-90 мың теңгені құрайды. Ендігі кезекте, той «кортежіне» арналған көліктер. Олардың бағасы да арзан емес. Бір көлікті бір сағатқа жалға алу құны – 35-40 мың теңге. Сізге шамамен, 4-5 көлік керек. Есептеп көріңіз, бір тойды өткізуге шамамен миллионнан аса қаржы қажет.
Ата-бабамыз қонақжай халық болға­ны­мен, ысырапшылдыққа жол бермеген. Ал, қазіргі уақытта бос атақ пен мақтан­гер­­шілікке салынып, оған бойымызды да өзі­мізді де үйретіп алғанымыз қашан? «Пә­­леншенің тойынан да жақсы болды» деген «жақсы атқа» ие болсақ болды бізге. Десе де, енді ғана шаңырақ көтерген от­басының мойнына қарыз артпай, шама­мыздың жеткенінше өткізгенімізге не жет­сін?
Түйін:
Қазақ баласын үйлендіруі үшін, қорасындағы жалғыз малын сойып сатса да, қарызға батып, аста-төк той өткізеді. Шын мәнісінде баласы үйсіз, көңілі күйсіз, басында төрт-бес жылға алынған қомақты несиесі бар. Тірнектеп тапқан теңгесін өз аузынан жырып, ай сайын банкке беріп өмір сүреді. Той жасау керек, әрине, десе де, қазіргі қалта көтермейтін заманда тоқпейіл танытып, жастың да, жасымыстың да жанына жағатындай қарапайым етіп өткізу нұр үстіне нұр емес пе? Қазіргі той бәсеке ме, береке ме? Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
03 қыркүйек 2018 ж. 2 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031