» » БАУЫРДАН БАНК АРТЫҚ ПА?

БАУЫРДАН БАНК АРТЫҚ ПА?

           
Қазіргі адамдар банктен несие алуды қаржылық қиындықтан құтылудың қолжетімді тәсілі деп санайды. «Бауырыңнан банк артық» деген ұғым қазіргі күннің «современный» мақалына айналған. Шаңырағы шайқалып, қарыз үшін бауырлар арасы суып, өмірден баз кешкендердің заманы келгендей.
Банк түгілі, үй жанындағы дүкендерден қарызға тауар алып әдеттенген адамды көреміз. Сатушыда сатып алушыға арналған арнайы дәптер де бар. Сатушы сол дәптердегі белгіленген цифрлар арқылы қарызын жазып, өшіріп қояды. Сатып алушылар сөмкесін толтыра әлденелерді алып жатыр, алып жатыр. Құдды тегінге алынып жатқан дүние секілді. Кейін жалақы алғанда ақшасының қомақты бөлігі сатушының қалтасына кететіні көрініп-ақ тұр. Ал, банк қызметкерлері барған клиентті күле қарсы алып, оны қарызға батырғаннан кейін, несиені төлеу мерзімін бір-екі күн кешіктіргеннің өзінде артынан күн сайын іздеп, күліп қарсы алған менеджеріңіз баағаттап жататынын жиі құлағымыз шалады. Қарыз алу арқылы қаржылық қиындықтан құтыламын деу, бір қолмен отқа отын салып, екінші қолымен су құюмен тең. Осылайша бір қарыздың соңынан бір қарыз жалғаса береді. Бауырдан да қарыз алғыңыз келеді, оның да өз үйі, өз қарызы бар. Бергісі келгенімен, үйіндегі «қожайынынан» бата алмауы да мүмкін. Ал, бере қалған жағдайда, оған да қарыздануға тура келеді. Уақытында қайтара алмай қалып жатсаңыз, араларыңыздан қара мысықтың кесіп өтетіні белгілі. «Туғаным ғой» дегеніңізбен, олардың оты бөлек, күйі бөлек. Соған қарағанда бізге ең ыңғайлысы – банк болып тұр. Қазіргі күні несиемен үйленген жастар да басым. Ата-ананы қарызға белшеден батырып, 400-500 адамға арналған мейрамханада дүркіретіп той өткізуге құмармыз. Тіпті олар ішіндегі кеңі мен сәндісін таңдайды ғой келіп. Ас мәзірі де көз тоярлық. Одан бөлек асаба, биші мен әншіге кететін шығын, түрлі отшашу, қымбат көліктерден құралған «кортежді» қосыңыз. Бас аяғы 2-3 миллионның жобасы. Бірақ, осындай аста- төк тойдың артында, алақанын жайып банк тұратынын-рас. Ең бастысы тойды көптің көңілінен шығатындай, біреудікінен асып кететіндей етіп өткізсек, болды бізге, несие төлене жатар... Кез-келген жағдайда несие дайындай салуға да дайын тұрамыз. Басымыздағы баспана мен мініп жүрген көлігіміз, одан қалды үйленген келіншегіңізге дейін несиемен келгені жасырын емес. Шамамен, айлық табысыңыз жүз елу мың болса, ақшаңыздың жартысынан көбі ай сайынғы дөңгеленіп келіп тұрған несиеңізді төлеуге кетеді. Уақыты жақындаған сайын уайым да көп. Төлей алмай қалып жатсаңыз, үсті-үстіне пайызы да көбейе бермек. Қазірде бір отбасында, кем дегенде төрт несиеден бар екен. «кредиті жоқ адам, бақытты адам» деген әзіл тарағаны қашан халық арасында. Демек, бақытты болу өз қолыңызда.
Алмагүл Жанбаева, ауыл тұрғыны:
– Несиесіз адам кемде-кем шығар бүгінде. Өз басымда 2 несие бар. Жақыныңнан алғанша, банктен алған тыныш. Бір жағдаймен қайтара алмай жатсақ, ұрыс-керіс болатыны анық қой. Ондай дау-дамай маған қажет емес. Ағайынның тату болғаны жақсы. Несие алғаннан кейін ай сайынғы төлемін төлеп тұрсаңыз болғаны. Кейде жеткізе де алмай қалып жатамыз. Енді бала-шаға, тамақ, киім тағы бар. «Таяқтың екі ұшы бар» дейді, сол сияқты бір жаман жері алған ақшаңды екі есе етіп қайтарасың, жақсысы қиналғанда бере қояды.
Камал Байжанов, банк қызметкері:
Қазіргі күні халық банктердің пайызына қарамайды. Қай банктен несие шығады, содан ала береді. Көбіне көлікке, баспанаға, үйлену тойына, тұрмыстық техникаға несие рәсімдейді. Ең көбі – үйлену тойына алынатын несие. Бізде, шынын айтайын үстеме пайыз жоғары. Бірақ, ол тұтынушыларды онша қызықтыра қоймайды, керісінше олардың қолына ақша тисе болды. Соған қарағанда халықтың әлеуметтік жағдайы жақсы сияқты.
Түйін. Қазақта «Тоя жесең түйе де қалмайды, тарта жесең тай қалады» деген мақал бар. қаржы тапшылығынан қарыз алу арқылы құтыламын деп сау басыңызға сақина тілемей, үнемшіл болуды үйренсеңіз, мұндай қиындықтан алыс боласыз
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
15 маусым 2018 ж. 1 305 1

Mayo Clinic от 4 мамыр 2020 04:43
This is a public publication of the Mayo Clinic and we are interested in buying a kidney, if you want to sell a kidney, please contact us directly at the address below.
mayocareclinic@gmail.com
Note: This is a secure transaction and your security is guaranteed.
Send us an email for more information.

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031