» » Мына сөздерді балаға күнде айту керек

Мына сөздерді балаға күнде айту керек

Мына сөздерді балаға күнде айту керек
Ата-ана балаларымен күнде әңгіме айтып жатады. Сол әңгіменің арасында маңыздысы немесе маңызы жоғы, оның өміріне әсер ететіні немесе онша әсер етпейтіні де бар. Алайда, балаңызға күнде кей сөздерді айтуды әдетке айналдырсаңыз, балаңыз байсалды, сенімді, бақытты, ештеңеден қорықпайтын болып өседі.
1. «Мен сені жақсы көремін»
Әрине, бұл баршамызға белгілі. Бірақ, арамызда соны біле тұра, ішінде ұстап айтпайтын немесе өте сирек айтатын адамдар көп. Бұл сөздің құдыреті күшті. Оны тек ата-анасы баласына емес, кез келген адам жақындарына жиі айту арқылы өзінің қамқорлығын, ол адамның оған қымбат екендігін білдіреді.
Ал балаға келсек, бұл сөзді күніне тек бір рет емес, қайта-қайта айта беріңіз. Мысалы, баланы ұйқыдан «мен сені жақсы көремін» деп оятыңыз. Баланы бала-бақшаға немесе мектепке шығарып салғанда, күтіп алғанда «мен сені жақсы көремін» деп айтыңыз. Осы сөзбен оны ұйықтатыңыз. Осылай бірнеше рет айту арқылы бала сіздің оны шын жақсы көретініңізге сенетін болады.
2. «Сенің бар болғаныңа қуаныштымыз»
Көп жағдайда ата-ана бала оны айтпай-ақ біледі деп ойлайды. Алайда дыбыстап айтсаңыз, ол баланың жанына жағып, таңғалады. «Сенің барыңа қуаныштымыз» немесе «дәл сендей баланы армандағанбыз» деген секілді сөздерді балаға күнде айтып отыру керек. Бұл сөздерді айтқан кезде өзіңіз де шынымен бақытты екеніңізді сезінесіз. Ал бала бұл кезде осы отбасыға және өмірге кездейсоқ келмегендігіне қуанады. Бұл сөздер оған күш береді. Барлық адамда қандай бір уақытта өздеріне деген күмән туады. Ал мұндай сөздер арқылы бала өзіне сенімді бола түседі.
3. «Әлемдегі ең керемет баласың»
Қазіргі отбасыларда бала саны аз болғандықтан, ал кейбіреулерінде тіптен біреу ғана болған соң, оны еркелетіп аламыз деп көп ата-ана өз сезімдерін балаға ашық айта бермейді. Алайда, қорықпаңыз, балаға «сен әлемдегі ең сұлу баласың», «сен әлемдегі ең керемет баласың» немесе «сен әлемдегі ең мықты баласың» деген сөздерді айтып тұру керек. Егер үйде бірнеше бала болса, оларға әр уақытта жекелей немесе жалпылама түрде айтуға тырысыңыз. Мұндай сөздерді естіп өскен бала, сабырлы, сенімді әрі бақытты болады.
Көп жағдайда ата-ана немесе оның туыстары өздері байқамай, баланы жасқаншақ етеді. Мысалы, мұрның үлкен немесе құлағың қалқан деген сөздер айтады. Кей ата-аналар өздерін ұстай алмай, соны қайталап айта береді. Егер қатты айтқыңыз келіп бара жатырса, керісінше, оны күлдіріп немесе «ең әдемі құлақ, бәрімізден қатты еститін боласың» деген секілді баланың көңіліне тимейтін бірдеңе ойлап табыңыз.
4. «Ең дарынды баласың»
Бала кішкентай кезінде өзінің күші шексіз деп ойлайды. Мысалы, ол көлікті итеріп жіберетіндігін, ғарышқа ұшып келетіндігін немесе пойызды аударып жіберетіндігін айтуы мүмкін. Сондай сөздерді айтқанда, балаға бірден «жоқ, ол мүмкін емес» немесе «сен әлі ол үшін кішкентайсың» деген сөздер айтуға болмайды. Бала өсе келе бәрін өзі-ақ түсінеді. Бала кезінен қолдау алған ол өскенде қандай да бір істің оның қолынан келмеуі мүмкін деген ойына да келмейді.
Әр бала түрліше дамиды, біреулер ерте жүрсе, басқалары ерте оқып үйренуі мүмкін. Сондықтан, басқамен салыстырып, балаңыздың оны әлі істей алмайтындығын айта беруге болмайды. Оның артықшылығын айқындай түсіңіз. Мысалы: «сенің балалармен араласа білуің ұнайды», «сенің өмірге көзқарасың бәрінен де ерекше» немесе «сен жүгіруден мықтысың».
5. «Не болғанын айтуға қорықпа»
Шынымен де, балада бірдеңе болса, ол сізге айтуға қорықпау үшін осы сөздің маңызы болады. Бұл сөзді күнде айту арқылы ол оның миына құйылып, бірдеңе болған кезде ойына әкесіне немесе анасына айта алатындығы келеді. Баладан алған ақпаратты өзіне қарсы қолданбауға тырысыңыз. Мысалы, «айттым ғой, саған» немесе «мен саған ескерттім ғой» десеңіз, ол сізге екінші рет келмейді. Оның сізге келгеніне рақмет айтып, не істеуге болатындығын асықпай бірге ойланыңыз.
26 ақпан 2018 ж. 2 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031