» » СӨЗ СЕМІРТЕДІ не КЕМ ЕТЕДІ

СӨЗ СЕМІРТЕДІ не КЕМ ЕТЕДІ


Бала біз үшін таза ақ парақ, параққа қандай жазу жазсақ болашақта сондай нәтиже аламыз. Баланың жер-жебіріне жетіп сөгу, жұрт алдында намысына тиетін сөздер айту – расын айтқанда, таяқтап жазалаудан жүз есе зиян. Мұндай әрекеттер баланың болашақта тұйықталып, ынжық болып өсуіне бір қадам жақындай түседі. Дегенмен... Біз көбінесе ашу үстінде өз-өзімізге ие бола алмай, ыза кернеген ашуды сыртқа шығарып, бар ашуды баладан алып жатамыз.
Жұмыстағы жағымсыз әрекеттер, көшеде біреумен сөзге келіп қалу, басыңыз ауырып, мазаңыз болмай тұрса «таз ашуын тырнап алады» демекші, үйге келгенде баланы не жолдасыңызды қыспаққа аласыз. Ұстамдылықты ұмытып, баланы: «Тағы не бүлдірдің», «осы сен-ақ...», «сен қашан адам боласың», «жұрттың баласына қарасаң, көзің тояды» деп төпей жөнелеміз. Мұндай сөздер баланы не ашушаң, ызақор етеді, не ынжық, тұйық, момын етіп шығарады. Себебі бала өзінің әкесін, анасын, үлкен бауырларын тұлға деп санайды. Ата-анасының берген бағасы төмен болса, бала соған иланады, шынымен жұғымсыз біреу екенмін деп ойлай бастайды, немесе қолынан тірлік келіп тұрса да, батылданып кірісіп кете алмайды. Бәрібір «мен бұған лайық емеспін» деген түпкі ой санасын шырмап шықпайды.
Баланың көзінше туыстарыңыздың, көршіңіздің немесе басқа да өзі қатарлы балаларды мақтап, салыстыра бермеңіз. Әсіресе «жұрттың балалары...» деген сөз оның намысына тиеді. Сізді де әлдекіммен салыс­тыра беретін болса, шамбайыңызға батып кетуі мүмкін. Көпшілік жиналған орында, үйге қонақ келгенде, мейманға барғанда, өзінен кіші бауырларының алдында баланы жерге қаратып, қателігін тауып ұрыса беру де оның жігерін жасытады.
Балаңызды бағалап, «менің баламның қолынан көп нәрсе келеді, өскенде ел сыйлайтын азамат болады, жақсы өмір сүреді» дейтін болсаңыз, әрине бала алға қарай ұмтылып, өз мәселесін оңай шеше алады және сіз айтпақшы «өскенде ел сыйлайтын азамат болады». Егер балаңызға төмен баға беріп, «сен ынжықсың, сенің қолыңнан тек бүлдіру ғана келеді, сен топассың», дейтін болсаңыз және баланың осы кемшілігімен күреспей, одан сайын тығырыққа тіреп, қабілетін тұмшалайтын болсаңыз, онда ол баланың бағы жануы неғайбыл. Қалай десек те, ата-анасының баласы үшін тілегі қабыл болады. Сол себепті, балаға деген ниетіңіз пен пейіліңізге абай болсаңыз екен.
Сондықтан, балаға әрқашанда дұрыс бағыт-бағдар беріп, дұрыс жасамаған әрекеттері үшін оған ескерту беріп, оның дұрыс еместігін айтып, басқа қалай жасауға болатынын сұрап отырсаңыз, балаңыздың өзіндік ойы мен пікірі қалыптасатын болады. Баланың дұрыс әрекеті үшін мадақтап, кері әрекеті үшін ересек адаммен сөйлескендей сөйлессеңіз мәселені бейбіт түрде шеше аласыз. Қорыта келе баланы жас кезінен сөзбен жазалау, күш көрсету болашақта өзіңіз опық жеп қалатын жағдайға жеткізуі бек мүмкін. Бала – біздің болашағымыз.
Фариза ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ, аудандық оқушылар үйінің психологі
24 қаңтар 2018 ж. 1 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031