» » » МЕН ҮШІН БИІК АСҚАР ТАУ

МЕН ҮШІН БИІК АСҚАР ТАУ

Әке-асқар тау, асқар шың. Әкенің мейірімі, басыңнан сипап күле қарағаны жаныңа жаз самалындай әсер етеді.
Менің әкем Сексенбай Елемесов ұзақ жыл Ақтөбе ауылында гидротехник, бригадир, бас агроном болып қызмет еткен ақжарқын азамат. Ол осыдан 15 жыл бұрын менің 2 жасымда өмірден өткен. Әкем жайлы жақсы әңгімелерді анамнан, ауылдағы үлкен қариялардан, әкемнің достарынан жиі естимін. «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген сөз бар. Көзін көрген қариялар жақсы сөздер мен естеліктер айтқанда асқар тауға деген сағынышым үдей түседі. Көзіме еріксіз жас үйіріледі. Біздің ер жеткенімізді, қызық-қуанышымызды да көре алмай өмірден тым ерте кеткені жанымызды жабырқатады. Мен осындай жүрегі кең, кішіпейіл, жан-жағына шуағын шашқан мейірімді әкенің баласы болғанымды мақтаныш етемін.
Әке-әркімге де асқар тау, ана-өмір сыйлап, нәр берер бұлақ, бала-жағасындағы балауса құрақ. Әр әке арманы-құрақтың өсіп қатаюы, шыбықтың шыңдағы шынар боп өсуі, балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін. Бірақ менің әкемнің сол армандары ішінде кетті.
Артында қалған 4 баланың үшеуі отбасын құрып, анама немере сыйлады. Мен үйдің кенжесімін. Ендігі жерде бала шағасының тілеуін тілеп, қарашаңырақтың берекесі болып отырған аяулы анамыз Ажардың ғұмыр жасы ұзақ болғай деп тілейміз.
Артында өнегілі ұрпағы барда әкеміздің аты өшпейді.
Ардақ СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.
05 қаңтар 2018 ж. 3 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031