» » » ТӘЛІМГЕР ТЕОРИЯСЫ

ТӘЛІМГЕР ТЕОРИЯСЫ

Жақсы ұстаз, білікті басшы болудың теориясы бар ма? Болса, мұны сол жолдан абыройлы өткен адам ғана ұқтыра алады. Әлима Жақыпқызы – екі мыңнан аса студент, екі жүзге жуық ұстазы бар оқу орнын отыз жеті жыл басқарды. Жастық шағы туралы сұрай барып, ұғымтал, ұқыпты бойжеткен болғанын байқадым. Ұстаздыққа жеңісті жол «үйден басталады» екен...
Әлима ӘБДІХАЛЫҚОВА, мұғалім, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Білім беру ісінің құрметті қызметкері:
45 минут айнаға сабақ «түсіндірдім»
Әкемнен көрген мына бір оқиға есіме жиі түседі. Әкем жиырма бес жыл кәсіптік техникалық училищені басқарды. Байқағаным, балалардың көңіл-күйіне қатты қарайтын. Олардың біліміне, тәрбиесіне жандүниесін арнайтын. Егер бір баланың көңіл-күйі болмаса, «біздің үйге бара бер» дейді. Іле-шала өзі де келіп, бәріміз бірге шай ішіп, әңгімелесетінбіз. Бұл – біз үшін қалыпты жағдай. Бірақ оқушыдан «не жағдай болды, неліктен қабағың түсіңкі» деп сұрағанын көрмеппін.
Әкем жаздырып алатын газет-журналдың көптігі сондай, ауладаға пошта жәшігіне сыймайтын. Ал теледидарды үйде жоқ болса да, әуелі училищеге алдырды. Біз сондағы демалыс бөлмеде студенттермен әлем чемпионатын көріп, КСРО жеңсе «уралап», мәз болатынбыз. Иә, әкем бар баланы бірдей көрді. Әр адамның жақсы қасиетін көре білуге үйретті. Демек, ұстаздық қасиетті бойыма үйден-ақ қалыптастырған екен.
Төртінші сыныпты бітіруімізге орай, туристік саяхатқа шықтық. Үш күндік сапарға жетекшіміз Надежда Михайловнадан бөлек, болашақ сынып жетекшіміз Мария апай да барам деп шешіпті. Бізбен араласып, ішкі дүниемізді танып, түсіну үшін. «Не деген педагогикалық шешім» деп әлі күнге таң қаламын. Ал математикадан берген ұстазымыз тым қатал еді. Есеп түсінбегендерге «Уж эти, чучели огорода» деп айқайлайтын. Бұл да – «методика». Ренжімейміз. Мұқалту үшін айтылмағанын түсінетінбіз. Ал студент күнімде 45 минут айнаға «сабақ түсіндіргенім» бар. Иә, мектепке тәжірибе жинақтауға барар алдында әдіскерім айна алдында мұғалім қылып, өзі бақылап тұрды.
Жеті айдан кейінгі жеңіс

Институт бітірген соң, өзім оқыған №41 Ломоносов атындағы мектепке жұмысқа тұрдым. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Ол кезде спорттың әр түрінен мұғалімдер мен студенттер бақ сынайтын. Ал мен студент күнімнен бойымның аласалығына қарамай, волейболға қатысатынмын. Алғашқы сайысқа барғанымда, мұғалімдер құрамасы жеңіліп қалдық. Қатты намыстанғанымыз-ай. Оқытушы – көшбасшы, оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек емес пе? Мұнан кейін не істеу керек? Жаппай аптасына екі рет волейбол секциясына жазылдық. Арада алты-жеті ай өтті. Бұл жарыста біз жеңдік. Сондағы бала сияқты қуанғанымыз-ай.Әңгімелескен: Айдана ЖҰМАДИНОВА

21 қаңтар 2018 ж. 1 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031