» ИНТЕРНЕТ – БАЛАНЫҢ ОЙЫНШЫҒЫ ЕМЕС

ИНТЕРНЕТ – БАЛАНЫҢ ОЙЫНШЫҒЫ ЕМЕС

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ПАЙДАЛАНБАЙТЫН АДАМ КЕМДЕ – КЕМ. ИНТЕРНЕТТІҢ ҚҰДІРЕТТІЛІГІ СОНША, ОЛ АРҚЫЛЫ АҚПАРАТ БЕРЕ АЛАСЫЗ ДА, АЛА АЛАСЫЗ ДА. ДЕГЕНМЕН, ӘР НӘРСЕНІҢ ЕКІ ЖАҒЫ БОЛАДЫ.
Десе де, интернетті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауды біз жақсы білеміз, бірақ оны жүзеге асырмаймыз. Қазіргі балалардың қабылдау зейіні жақсы. Тек, олар әлеуметтік желілерге кіргенде олардың не қарап отырғанын қадағалап отырған жөн. Балаңыз көрген мультфильм мен ойынды өзіңіз де қарап көріңіз. Бірақ оның жас екенін, жақсы-жаманды айыра алмайтындығын естен шығармайық. Әлеуметтік желілер арқылы улап жатқан көріністер көп, қоғамда болып жатқан жан түршіктірерлік оқиғаларды егжей-егжейіне дейін жазып жатады. Интернет желісіне кірген әрбір адам бәрін көреді. Өзінше тұжырым жасайды. Бірақ, ол үлкендерге әсер етпесе де, бала психологиясына кері әсерін тигізуі мүмкін. Шошынарлық көріністерді көп көрген бала оны қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Тіпті кейін оны қайталауы да мүмкін.
Расында да, бала қорқыныш, аяныш, қуану сияқты сезімдерді әлі де толық түсінбеген. Сондықтан оларға көп көңіл бөліп, нені жақсы көретінін видеороликтерді бірге көруге шақырған дұрыс. Балаңыз көріп отырған ойын немесе мултсериалдар көңіліңізден шықпаса, онда оған одан да қызығын бірге іздеп көрейік деп ұсыныс тастаңыз. Ал, егер сізден бөлектеніп көретін болса, онда кейін не көргенін тексеріңіз.
Иә, бала өзіміздікі болғанмен, ол да қоғамның бір бөлшегі. Ұрпағымызды жақсы азамат етіп өсіру біз үшін басты міндет.
Тағы бір айта кетерлік жайт, балаңыз жасөспірімдік шақта болса, оның әлеуметтік желіге жазған хаттарын тексермеңіз. Егер ол оны біліп қойса, сізге ренжіп, жасырып жүретін болады. Сондықтан бірінші өзінен кіммен сөйлесетінін, қандай қызықтар болып жатқанын сұрап көріңіз немесе оның әлеуметтік желісінде дос болсаңыз кіммен дос екенін, қашан кіріп, нешеге дейін отырғанын көре аласыз.
Сондықтан да, балаларымызға көңіл бөліп, олардың біз үшін маңыздылығын сезіндіре білейік. Бала біздің болашағымыз. Оны жаман әдеттен аулақ етіп, өміріміздің бір бөлшегіндей қорғай білейік.
Құралай ЖОЛМАХАНОВА.
---
19 ақпан 2018 ж. 1 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031