» » Балаға мектеп неге қызық емес?

Балаға мектеп неге қызық емес?

Балаға мектеп неге қызық емес?
Кейде балалар мектепке бармаймын деп байбалам салады. Бар айтар сылтауы – мектепте қызық емес. Демек, іштері пысады. Бұл мәселемен қалай күрескен дұрыс?

Балаларға технология әсер етеді:
Ата-аналардың бірқатары технологияны тегін бала күтуші ретінде көреді. Бірақ, оның да өтемі бар: жүйке жүйесі мен баланы зейіні.
Виртуалды әлемге қарағанда біздің әлем іш пыстырарлық секілді. Ми визуалды қарқынға үйреніп алған. Ашық түсті графика мен арнайы эффектілерден соң, мектептегі іш пыстырарлық ақпаратты игеру балаға қиын соғады.
Сонымен қатар, технология бала мен ата-ана арасын эмоция тұрғысынан алшақтады. Ал, баланың дамуы үшін ата-ана сезімі мен бала бір-бірін түсінуі тиіс.
Не істеу керек?:
• Баланы таң қалдырыңыз. Күлдіріңіз, қытықтаңыз. Сөмкесіне не жастығына әдемі естеліктер қалдырыңыз. Бірге көңіл көтеріңіз.
• Отбасылық дәстүр қалыптастырыңыз: бірге тамақтаныңыз. Үстел үсті ойындарын ойнаңыз.
2. Олар қалағынана жылдам қол жеткізіп үйренген:
Мынандай әңгімелерді жиі естиміз: «Қарным ашты» – «Қазір дүкенге барамыз», «Шөлдедім» – «Міне, шырын», «Ішім пысты» – «Менің ұялы телефоныммен ойна».  
Балаға «сыйақы» ұсынуды кейінге шегеру – оның жетер жетістігінің басты себебі болмақ. Ол күйзеліске төтеп беруге үйретеді.Қазір ата-аналар мұны естен шығарып алады. Ал, ол бала болашағына кері әсер етеді.  .
Не істеу керек?
• Іш пысу ұғымының дұрыс екенін түсіндіріңіз. Ол – шығармашылық ойға әкелетін алғашқы қадам.
• Кейін күту уақыты мен оның дегеніне қол жеткізу уақытын ұзартыңыз.
• Кезекте тұрғанда, көлікте, кафеде балаға планшет, телефон бермеңіз. Уақытты әңгіме немесе ойын арқылы өткізуге үйретіңіз.
3. Олардың бойындағы қоғамдық дағды қалыптаспаған:
Бұрын балалар көшеде ойнайтын. Олардың қоғамның бөлшегіне айналуы үшін керекті дағдылар сол кезде дамыған. Қазір балалар компьютер мен телефонмен достасуды жөн санайды. Ата-ананың өзі де жұмыс деп, босай қалса телефонға телмірумен уақыт өткізеді. Бірақ, смартфон балаңыздың қарым-қатынас орнату дағдысын үйретпейді.
Не істеу керек?
•Балаларға жеңіс пен жеңіліс не екенін түсіндіріңіз. Рақмет айтуды үйретіңіз. Адамдарға жылы шырай білдірудің маңызын айтыңыз.
Ми бұлшық ет секілді, оны жаттықтыру керек. Бала велосипед тебу үшін оны жаттықтыратын секілді, күту үшін шыдамға үйретіңіз
26 ақпан 2018 ж. 1 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031