» » Рақмет, сізге дәрігер

Рақмет, сізге дәрігер


Дәрігерлер бүгінгі күннің батырына айналғаны сөзсіз. Олар күндіз-түні білек сыбана жұмысқа кірісіп, індет жұқтырғандарды емдеуде. Төгілген маңдай тер ақталып, аурудан айыққандар бар. Ақ халаттылар біліктілігі арқасында талайға екінші өмір сыйлауда. Арамызда осы абзал жандарға алғысын айтып, ақ тілегін білдірушілер көп. Соның бірі – пневмонияны жеңіп шыққан Рахия Шауханбаевна.
– Үйде жүрген кезімде қызуым көтеріліп, дәм мен иіс сезбей қалдым. Тамақ ішуге түк тәбетім болмай, жағдайым нашарлап кеткен соң жедел жәрдемге жүгінуге мәжбүр болдым. Арнайы көлік аз уақыт ішінде үйге келіп, қызу түсіретін дәрі салды. Ол көмектеспеген соң ауруханаға жатқызды. Білікті басшы Бақытжан Сағилатұлы мен аурухана дәрігерлерінің арқасында екі күн ішінде өзімді жақсы сезіне бастадым. Маған емдік шараларды жүргізген провизорлық бөлім дәрігері Динара Жүсіповаға, жалпы тәжірибелік дәрігер Әсел Нұрлыбекқызына, медбикелер Әсима Қазанбаева, Маржан Кемелева мен Гүлсім Жолдыбаеваларға айтар алғысым шексіз. Өз ісінің нағыз маманына айналған жандардың үлкен еңбегінің арқасында 10 күн ішінде ауруды жеңіп шықтым. Қазір үйдемін. Сақтық шараларын да күшейттік. Жалпы, бұл аурудың барына әлі күнге дейін сенбей жүргендер бар. Сол жандар өзі мен өзгенің амандығы үшін тазалықты қатаң сақтаса деймін. Ауруды жұқтырмаудың басты амалы – сақтану мен оқшаулану, – дейді Рахия Бисенова.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
04 тамыз 2020 ж. 1 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031