
Біз есірткіге қарсымыз
Қоғам болғасын бәрі болады. Әдеттегідей түскі астан шығып, жұмысқа келгенмін. Есік алдын бір бала торып жүр. Күннің қақаған суығына қарайтын түрі жоқ. Жақындап, жөнін сұрадым. Қолында жапырақ қағазы бар. Кіп-кішкене баланың мұндай мекемеге именбей келуі таңқалдырды. Мақаласын алып, оқып шықтым. Өз ойын...


















