» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ КОД

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ КОД

Латын қарпіне көшудің логикасы қандай? Ұлттық код дегеніміз не? Бұл жайында орталық кітапхананың «Coworking» орталығында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі һәм ұлттық код» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында кеңінен талқыланды. 
Басқосуды филиал төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Гүлжауһар Раева жүргізді. Өткен жылы латын қарпіне көшуге байланысты аудан бойынша 318 адам курстан өтіп, сертификат алған. Аталған жұмыстар үстіміздегі жылы да өз жалғасын табуда. Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсанында ұлттық диктантқа өңірден 4300-дей адам қатысып, сауаттылығын тексерген. Бұл туралы отырыста аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Ермек Наренов хабарлады. Жалпы аудандағы латын әліпбиіне көшу дайындығына келсек, мектеп, мекеме ұжымдары мен үкіметтік емес ұйымдарда да бірқатар жұмыс бар. 
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерген латын әліпбиіне көшу мәселесі – аса өзекті әрі орынды. Жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын негізгі құрал. Оның өркениетке аяқ басуымызға, алға жылжуымызға септігі мол. Бұл ретте аудан ардагерлері Елбасы бастамасын қолдайды және қоғамға насихаттауда үлесін қоса береді, – дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов. 
Дөңгелек үстел отырысында пікір білдірген аға ұрпақ өкілінің бірі – Әбдірахман Құлдүйсенов. Ол латын графикасына көшу – тарихи таңдау дегенді айтады. Аталған әліпби – тек қана түркі дүниесінің басын қосатын фактор емес, өзге де көптеген елдерді жақындастыруда ықпалы көп. Әсіресе, жер шарында тарыдай шашылған қандастарымыздың ортақ жазу жүйесі қалыптасып, ұлттық кодымыз нығая түспек. Реформаны жүзеге асыруда біз қазақ тілінің табиғатын сақтаймыз, даму заңдылығының бұрмалануына жол бермейміз. Қайта фонетикамыз бен орфографиямызды түзеп алуға зор мүмкіндік. Латын қарпіне көшуде ғалымдардың еңбегі ерекше. 
– Жаңа нұсқадағы бұрынғы диграфтар мен опостографтардан бас тартып, акут, яғни үстіне кішкене сызықшалар қою арқылы белгіленген әріптердің қолданылуы – ғалымдардың жан-жақты ізденісін көрсетеді. Лингвисттер мен ІТ технология мамандарының ойы бір жерге тоғысып, жаңа инновацияларға жол ашатын жаңа әліпби жасалды деуге толық негіз бар, – деді «Ұлт бірлігі Қармақшы» ҚБ-нің төрағасы Шегебай Құндақбаев. Шарада сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева, Аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Сәрсенкүл Райымбаева, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қниева, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің әдіскері Гүлжахан Көбекова, №26 мектептің мұғалімі Қаршыға Жанбалааева, орталық аурухананың хирург-дәрігері Бақытбек Мырзабаев, тағы басқасы латын қарпіне көшу – дұрыс шешім екенін алға тартты. 
Отырыста оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Динара Қосназарова «Латын әліпбиі – өркениетке жол» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сөреге латын қарпінде жазылған кітаптар қойылды.

12 сәуір 2019 ж. 1 089 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031