» » ЛАТЫНҒА КӨШУДІҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

ЛАТЫНҒА КӨШУДІҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?


«Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бас­тысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Халқымыздың жазу-сызуына 1072-1929 жылдары Ислам мәдениеті негіз болды. Дегенмен, қоғамдағы саяси-қоғамдық ахуалдың өзгеруіне орай, қазақ елі араб әліпбиінен латын қарпіне көшті. Бұл – 1929-1940 жылдар болатын. Одан беріде орыс графикасымен жазу-сызуын жалғастырып келді. Бүгінде әлем күн санап өзгеруде. Соған сәйкес, талап та қатар жүруде. Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы. Бұл тұрғыда қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиі  2017 жылдың 26-қазанында Елбасының Жарлығымен бекіді. Былтыр оған өзгертулер енгізілді. Жалпы әліпби 32 әріптен тұрады.    
Айтулы мәселеде еліміз бойынша көптеген талқылау, түсіндіру жұмысы жүрді. Ал, өңірде нендей шаралар атқарылуда?
– Облыстық ішкі саясат басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» ұйытқы болуымен Роза Ізіқұлова, Райкүл Қаратаева, Асылзат Байқадам секілді тіл маманы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің әріптерін жазуға, оқуға, емлесін үйретуге атсалысуда. Тыңдаушылардың әліпбиге деген қызығушылығы басым. Олар әріптердің жазу техникасын үйренумен қатар, жазуға, тапсырмалар орындауға дағдыланып қалды. 1 жылға оқытуға 9 топта 150 адам жоспарланса, оған қоса еріктілер де бар арамызда, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Ермек Наренов.     
Еріктілер қатарында «Алтын алқа» ие­гері Зейнеп Исмағұлова да бар. Көп балалы ана латын қарпінің болашағы үлкен деп санайды. Жаңа әліпби жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктердің бастауы екеніне кәміл сенеді. Өйткені, латын әліпбиі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологияның тілі. 
Латын қарпіне көшуде жауапты мекемемен қатар, үкіметтік емес ұйымдар да белсенділік танытуда. Оның бірі – халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалы.
– Жақында іс сапармен Астанада болдым. Елбасы қатысуымен өткен республикалық қоғамдық кеңестің ІІ мәжілісіне қатыстым. Елордада біраз жерлер латын қарпінде жазылған. Атап айтсам, мекеме, кәсіпорындардың атауы. Көшедегі билбордтар. Сондай-ақ мәжіліс тақырыбы да айтулы қаріпте болды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының латынға көшуге байланысты бірқатар жоспары бар. Түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырсақ деп отырмыз. Мекеме мен еңбек ұжымдарын аралап, рейд жүргізбекшіміз. Мәдениет және тілдерді дамыту, білім  бөлімімен және оқу­шылар үйімен бірлесіп жаңа идеяларды іске асырсақ. Алғыс хат, шақыру қағаздарын латын қарпінде шығаруды, сонымен қатар шағын мәтінде диктант жазуды қолға алмақпыз, – дейді филиал төрайымы Күлжауһар Раева.       

Түйін:
Латынға көшу – бүгінгі және келешек ұрпақ үшін жасалған батыл қадам. Себебі әлемнің 70 проценті латын қарпінде сөйлеп тұр. Оны игергенде ғана маңызды болып табылатын адами құндылықтарды да игере аламыз. Ерек ел болсақ та, дүниеден бөліну жоқ. Себебі, Қазақ елі де дөңгеленген дүниенің бір бөлшегі.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы». 
13 наурыз 2019 ж. 1 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031