» » Жаңғыру – ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ

Жаңғыру – ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ

Рухани жаңғыруымыздың көзі – өткенді жаңғырту деу­ге негіз бар. 1929 жылдан 1940-шы жылға дейін қазақ хаты латын қарпімен жазылды. Осылайша сол кездегі саяси интелегенцияның дамыған Еуропаға жақындау арманын орындау жүзеге асуда деп ойлаймын.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.
Латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап отыр. Тілімізді жаңа әліпбиіміз арқылы жазылым (орфография), қазақы айтылым (орфоэпия) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек. Елбасы Жарлығымен бекітілген латын әліпбиі тиімді, көкейге қонымдырақ.
Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтау көзделген. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ереже қысқарады.Бұл қаржыны да, уақытты да үнемдейді. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Түбі бір түркі дүниесі әлемімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынас, байланыс күшейеді. Қазіргі жастар латын әліпбиін меңгеруге қабілетті.
Райкүл Қаратаева,
ардагер ұстаз
27 ақпан 2018 ж. 1 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930