» » Латын әліпбиіне көшу-тарихи таңдау

Латын әліпбиіне көшу-тарихи таңдау

Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары мен бағдарламалық мақалары өзара іштей сабақтасып, қазақ елінің мемлекет ретінде өркендеуінің басым бағыттарын үнемі белгілеп отырады. Бұл орайда биылғы жылғы Жолдауда айтылған мәселелері оның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен сабақтасып, дамуымыздың жаңа мүмкіндіктері мен жаңа көк жиектерін айқындап берген.
Елбасы мақаласы бүкіл елді сақтаудың, бүкіл әлемдегі … қазақтарды сақтаудың, елді одан әрі жан-жақты өркендету мақсатын қойған. Оны зерделеп оқып қана қоймай, оның міндеттерін жүзеге асыру әрбір қазақстандықтардың , ең бастысы ел басқарған, әсіресе жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің басында тұрған азаматтардың парызы. Осындай елдің борыш қазақ ата-анасының да ең басты маңызды міндеті.
Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу ел тағдырының, елдің өркендеуінің негізін қалайтынын ескере отырып ғалымдардың, бүкіл Қазақстандықтардың талқылауына ұсынып, «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегендей үшінші нұсқаудағы латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті.
Міне осы жағдайда елдің ертеңін ойлайтын, жас ұрпақтың болашағын ойлайтын «Нұр Отан» партиясынан бастап барлық партиялар, үкімет емес ұйымдар латын әліпбиіне көшудің маңызы мен қажеттігін жан-жақты насихаттап, қазақ елінің әрбір тұрғынына жеткізу үшін еселі жұмыс жасау керек.
Латын әліпбиі –бұл тамырдан ажырау немесе біреуге електеу емес. Бұл –қажеттілік, қазақ үшін тағдырлы қажеттік. Бүгінгі өзектілік-ертеңгі өрлеудің қайнары екенін барша жұрт түсіне, ұғына білгені жөн деп есептеймін.
Ә.Құлдүйсенов,
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы
Саяси кеңесінің мүшесі, партия ардагері

22 ақпан 2018 ж. 1 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031