» » Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Президент латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа редакциясы туралы жарлыққа қол қойды. Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал болашағы зор жазулардың бірі. Латын әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты ең тиімді нұсқасы ғалымдардың көмегімен жасалынды. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сонда-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты»,-деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу-заман талабы.
Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиінің нұсқасымен жазылуда. Сондай-ақ күнделікті тұрмыста халық жиі баратын әлеуметтік нысандардың атаулары, ақпарат құралдары мен телебағдарламалар атаулары, дүкен, дәріхана, сауда орталықтарының атаулары латын тілінде жазылып, халықтың көзі соған біртіндеп үйренуде. Ең бастысы латын әрпін сауатты жаза білетін маман кадрларды дайындап, балабақша, мектеп, білім беру ұйымдарында жазуды үйрететін әдістемелік жұмыстар қолға алынуда. Алдағы уақытта бұл бағытта жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалатынына сенімдіміз. Президенттің шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына ауызбіршілік танытып, елдігімізді сақтап, ұрпақ келешегі үшін жұмыла кірісейік. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Ғалымдардың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтардың абыройлы міндеті деп есептеймін.
Раева Гүлжауһар, аудандық мәслихат депутаты.
21 ақпан 2018 ж. 2 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031