» » «Латынға көшу - Ұлт мұратына ұйысу» тақырыбында БПҰ белсенділерімен кездесті.

«Латынға көшу - Ұлт мұратына ұйысу» тақырыбында БПҰ белсенділерімен кездесті.

Қалалық партия филиалының ұйымдастыруымен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ,«Шаңырақ» бастауыш партия ұйымында «Латынға көшу - Ұлт мұратына ұйысу» тақырыбында БПҰ белсенділерімен кездесу өткізілді.
Шараға «Шаңырақ» БПҰ қызметкерлері және №3,15 мектеп-лицейінің белсенді партия мүшелері қатысты. Атаулы жиында «Торғай Петролеум» БПҰ төрағасы Тұрар Сыздықов сөз алып , - латын әліпбиіне көшу…- Елбасының көтерген «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкестенген түбегейлі бетбұрыс болып саналады. Бұрынғы зиялы қауым өкілдері пайдаланған латын әліпбиі көпшілікке қиындық туғыза қоймасы анық. Қазіргі кириллицадағы 42 әріптің орнына 32 әріп қолданылады, яғни әріптер ықшамдалған. Қосарлы я,ю дыбыстары мен ъ мен ь белгілері алып тасталынған. Тіл мұғалімдері де арнайы курстардан өтіп, өз білімдерін қайта толықтырады. Жаңа орфографиялық, орфоэпиялық түсіндірме сөздіктері шығады. Сондықтан көпшілік қауым бұл тарихи қадамды да сәтті бастайды деген ойдамын-деді. Себебі: Елбасы айтқандай, қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру - біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Жиын соңында партия мүшелері латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайында өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті.




28 ақпан 2018 ж. 1 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 238
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031