» » ҚЫЛҚАЛАМҒА ТІЛ БІТІРГЕН

ҚЫЛҚАЛАМҒА ТІЛ БІТІРГЕН

Бар саналы ғұмырын сурет өнеріне арнап, қылқаламның сиқырымен өмірге әкелген туындыларымен талайды тамсандырған Пикассо, Седов, Кастеев сынды ұлы суретшілердің есімін әлем халқы айрықша ықыласпен атайды.
Расында да, өздерінің керемет туындыларымен кімге де болсын қуаныш сыйлаған осы бір ерекше өнер иелері қашанда қоғамымызда құрметке ие.
Адамзат баласына сондай ерекше қуаныш сыйлаған қылқалам өнерін өскелең ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде еңбек етіп келе жатқан суретшілердің бірі – Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінің ұстазы Мирам Жарылқасын.
Қазалы ауданына қарасты Қ.Пірімжаров ауылында дүние есігін ашып, бала жасынан сурет салуға құштарлығы артқан Мирам өсе келе білім алған мектепте сурет-сызу пәні бойынша дәріс берген ұстазының салған суреттеріне қызыға қарап, суретші болуды армандаған екен. Бұл арманның да орындалар кезі жетті. Ауылдағы онжылдық білім ордасын тәмамдаған ол Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата мемлекеттік университетінің «бейнелеу, өнер және сызу» бөліміне қабылданып, онда Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Елбатыр Ізбасқанов пен Қыстаубай Жандосов және басқа да ұлағатты ұстаздардан тәлім алады.
Бүгінде сиқырға толы өнерді меңгерген ол Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейде бейнелеу және сызу пәні бойынша ұстаздық етеді.
– «Армандар орындалады» дегендей, балалық кезде ата-әжеміздің айтқан ертегілеріндегі кейіпкерлерді қара қалам арқылы қағазға түсіріп, суретші болуды армандайтынмын. Міне, сол арман да орындалып, бүгінде оны өміріме серік етіп келемін. Сурет салу – менің өмірім. Онсыз басқа өмірді көз алдыма елестете алмаймын. Бір мезгіл табиғатқа шығып, оның көркем бейнелеріне жан бітіремін. Өмірге әкелген туындыларыма біреулер оң бағасын беріп жатса, біреулер онша мән бермейді. Әрине, оларға өкпелемеймін. Әркімнің көзқарасы әртүрлі. Оны осы салада жүргендер ғана ұғады. Қылқалам иесі атану Алла Тағаланың ісі. Суретшілік қасиет екінің бірінің бойына дари бермейді. Суретші болу үшін үлкен еңбек керек, – дейді қылқалам шебері.
Мирам Орақұлының сурет салудағы негізгі тақырыбы табиғат және натюрморт жанры. Оның туындыларының көпшілігі осы тақырыптарға арналған. Жайлау, таудан аққан бұлақтың ағысы, көкке ұшқан сұңқар, таудағы өрістен қайтқан төрт түлік, талға қонған бозторғай, кешкі табиғат, тау бөктеріндегі орман, кешкі көл көрінісі және құмыра мен алма, вазаға салынған жеміс-жидек және басқа да туындылары мектеп кабырғаларынан орын алған.
Тіпті, қылқалам шеберінің шәкірті де аз емес, Мирамдай ұлағатты ұстаздан тәлім алған Саят Боранбаев, Айкерім Танатова, Дәулет Нұрлыбеков, Жанна Нұртаева сынды болашағынан үлкен үміт күттіретін шәкірттерінің бірі – еліміздің әр аймағындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатса, бірі – осы салада қажырлы еңбек етуде.
– Маған атақтың да, мадақтың да керегі жоқ. Атақты да, мадақты да еңбегімді бағалаған ел-жұртым берді. Шәкірттерімнен, ұжымымнан алдым. Ұл-қыз өсіріп отырмын. Мүмкін олар­дың арасынан әке жолын жалғастыратын ұрпақ шығар. Әрине, оған қуанамын, – дейді қылқалам шебері.
Н.Жанәділов
12 сәуір 2019 ж. 1 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031