» » МҰРАЖАЙҒА ҚАШАН БАРДЫҢЫЗ?

МҰРАЖАЙҒА ҚАШАН БАРДЫҢЫЗ?

Терең тарихтың қойнауына сүңгiтiп, сол арқылы жан дүниеңдi байытатын орын – мұражай. Біздің мұражай Францияның Лувры, Ресейдің Эрмитажы секілді әлем көз тіккен мәдени орын деңгейіне жете қойған жоқ. Шетелдіктер баласын мұражайға ертіп алып барады. Туристер мен жергілікті халық мұнда ағылып келеді. Еліміз де өзінің тарихы мен мәдениетінен сырт шертетін мұражайға бай. Алайда бұл мұражайға бас сұғатын жан аз.

Мәселен, сіз өлкеңіздегі мұражайға барып көрдіңіз бе? Өз тарихыңызды қаншалықты білесіз? Егер уақыт тауып өзіңіз тұратын жердегі мұражайға барар болсаңыз, еш өкінбейсіз. Себебі, мұражайдан тарих пен мәдениеттің қалай ілгерілегенін көзбен көруге болады. Мұнда бірнеше ғасырды сөйлететін құнды жәдігер бар.
Иә, біз мұражайға баруды сиреттік. Мұражай – кешегі мен бүгінгіні байланыстыратын мәдени орын. Қазір мұражайда саусақпен санарлық қана адамды, оның ішінде егде тартқан кісі мен шетелдік туристен басқа адамды байқамайсыз. Ара-тұра мектеп оқушылары ғана көрінеді.
Баласын мұражайға жетектеп апара жатқан ата-ананы кездестіру қиын. Кейбірі көне дүниеге қызықпайтынын айтады. Мұнан гөрі қалтафон әперіп, соған баласын байлап қойғанды артық көретіндер саны әлдеқайда көп.
– «Мың рет естігенше бір рет көрген артық» демекші, қай қалаға барсам да әуелі мұражайына барамын. Бұрын тарихқа мүлдем қызықпайтынмын. Мұражайға барғалы көкірек көзім ашылды. Өзiме мұражайға барған қатты ұнайды, қиялға бөлейдi, санаңды сiлкiлейдi, – дейді кент тұрғыны Ақбаян Әнуар­қызы.
Жыл сайын ауданда мұражай күніне орай «Мұражай түні» өтеді. Мұнда 24 сағат бойы өткенмен тілдесіп, тарихқа саяхат жасайсың. Осы күні ата-аналар баласымен, ұстаздар оқушысымен, ата-әжелер немересімен келіп, сөреде тұрған экспонаттардың ақпаратына қанығады. Өкініштісі сол бұл тек жылына бір рет қана болатыны.
– Мектеп оқып жүргенде сыныптағылармен мұражайға жиі баратынбыз. Ал қазір, мүлде бармайды екенмін. Рас, қызығушылығым жоқ. Жұмысбастылық деген де бар. Балаларымды да жетектеп апарған емеспін. Ара-тұра ұстазымен аралап қайтады, – деді ата-ана Мейірім Рахметова.
Р.S. Өткенсіз болашақ жоқ. Бізде мұражайға деген қызығушылық төмен. Бәлкім, тарих сабағының көбі мұражайға барумен өтсе көзқарас өзгерер ме еді. Бұл жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруына сеп болады. Елін, жерін сүймейтін адам мұражайға қызықпайды. Сондықтан оның мұражайға бас сұғуы екіталай. Ал сіз мұражайға соңғы рет қашан бардыңыз?
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
12 сәуір 2019 ж. 2 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031