» » ҚОРҚЫТ МҰРАСЫ- ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

ҚОРҚЫТ МҰРАСЫ- ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық.
Мұражай - тарих, мұражай - шежіре. Осындай тарих пен шежіре ұштасқан кешен ауданымызда да кездеседі. Ол – «Қорқыт ата мемориалды мұражайы». Музей «Қорқыт ата» ескерткішінің жанында орналасқан. Бұл ірі кешен 2000 жылы халық игілігіне пайдалануға берілді. Осы жылдан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып қайта құрылды. 2014 жылы мемориалды кешенге облыстық бюджет есебінен реконструкция жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде стелла, амфитеарт, қылует, музей, қошқар мүсінінен тұратын тұтас архитектуралық ансамбль қайта салынды. Кешендегі музей толыққанды реэкспозициядан өтті. Ғимарат үш экспозициялық залдан тұрады. Аумағы – 8 шаршы метр жерді алып жатыр. 2016 жылы облыс әкімінің қаулысымен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қорқыт ата» мемориалды музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып құрылды. Кешен түркі әлемі кие тұтатын Қорқыт бабаның мәңгілік мекеніне айналған түркі тілдес елдердің тағзым ететін қасиетті орны және күрделі сәулеттік өнер туындысы ретінде ерекше маңызға ие. Музей заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталған. Залында LED экран, үш тілде ақпарат беретін сенсорлы моноблок орнатылған. Музейде барлығы – 2720 экспонат сақталған. Құрылымы бір қабаттан тұрады, жоспары – «Г» әріпі тәрізді. Музей жәдігерлері негізінен Қорқыт ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті туралы мәліметтер береді. Сонымен қатар, Шірік - Рабат қалашығынан, Тұран ойпатында орналасқан асарлардан, Жаркент қаласынан табылған тиындар мен қыш құмыралар, қобыздың түрлері, ескі домбыралар, тасқа айналған ағаштар, зергерлік және тұрмыстық бұйымдарын кездестіруге болады.
- Күніне кем дегенде 100-ден аса келуші бар. Барлығына бірдей мұражайды таныстырып, аралатамыз. Туристтер де келеді. Әсіресе, Франциядан, Италиядан, Германиядан көптеп келіп жатады. Олардың арасында таңданысын жасыра алмай жатқандары да кездеседі. Біздегі заттардың өзі бір-бір тарих. Көпшілігі қазба жұмыстары кезінде табылған дүниелер. Тіпті жер астынан бүтіндей табылған бұйымдар да бар. Аудан тұрғындары арасынан қасқыр, түлкі, шағалдың терілері, текеметтер мен кілемшелер, әр ұлттың ақшалары жиналып, әкелініп қойылған, - дейді эксурсоват Айгүл Бермаханова.
Айдос Ниязов басшылық ететін мұражай ұжымында барлығы 20 қызметкер жұмыс істейді. Қызметкерлер Елбасымыздың өзі ат басын бұрған мемориалды кешенде еңбек ететінін мақтан тұтатынын жасырмайды. Кіргеннен-ақ мұнтаздай таза, жинақы зал, жарық жер «менмұндаламай» тұрмайтыны белгілі. Көздің жауын алардай кілемдер мен төсеніштер. Осыған қарап-ақ бірлігі мен ауызбіршілігі жарасқан ұжымда, тек толассыз еңбек пен жемісті нәтиже бар екенін байқадық.
Түйін:
Тарихты ұлықтау, өткенді ұмытпау – басты парыз. Өткенімізден хабар беретін ұлттық құндылықтарды, тарихи ескерткіштерді көзіміздің қарашығындай қорғап, бабалар салған дара жолымыздың сарынын ұстап қалуға тиіспіз.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
22 шілде 2018 ж. 1 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 058

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031