» » БІЛІП ЖҮРГЕНІМІЗ - АБЗАЛ

БІЛІП ЖҮРГЕНІМІЗ - АБЗАЛ

Қорқыт ата - түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Сыр бойында өмір сүрген ежелгі Оғыз тайпаларының ұзаны (жырау) және «Кітаби дәдем Қорқыт» эпопеясын тудырған үлкен эпос орындаушысы. Қорқыттың туып-өскен жері – Сыр суының аяғындағы Жанкент қаласы. Ал, мәңгілік жай тапқан топырағы – Қармақшы ауданы, Қорқыт стансасы.
Қорқыт ата ескерткіш кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде, Қорқыт станциясына жақын табиғи төбе үстінде орналасқан.Қорқыт ата ескерткіші– сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Кешеннің құрылысы 1980 жылы басталды. Авторлары –Б.Ә. Ибраев, С.И. Исатаев.
1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қылует, қошқар мүсінінентұратын тұтас сәулеттік ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қорқыт ата мемориалды кешеніне көркемдік деңгейі жоғары, тарихи-мифологиялық мән-мазмұны терең, архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай соңғы үлгіде жасалған берік құрылыс материалдарынан қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Кешеннің аумағы ұлғайтылып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жасалған. Мұндағы ғимараттар қазіргі заман талабына сай үлкейтілген. Кешендегі басты ескерткіш – қобыз 8 метрден 12,1 метрге биіктеді. Кешенде жаңадан әкімшілік ғимараты салынып, қызметкерлер қатары да артқан. Бұл Қорқыт ата кешенінің бүгінгі архитектуралық кесенесін әлемге таныту, оны дүниежүзілік туристік орталыққа айналдыра отырып, әлемнің әр түкпірінен Сыр еліне келген қонақтарға Түркі өркениетін кеңінен насихаттау үшін жасалған өзгерістер болатын. Кешенге қайта жаңғырту жұмыстары барысында кешеннің маңызды нысандары музей, қылует, амфитеатр, стела, қошқар мүсіні қайта жаңғыртылды.
Стела – қобызды бейнелейтін төрт элементтен тұрады. Биіктігі 12,1 метр, ені 5,3 метр, қордай тасынан дайындалған.Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кездеқобызсарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарындасоққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін бейнелейтін «Түйе табан»өрнегімен безендірілген.
Қошқар мүсіні – диаметрі 36,4 метрді құрайтын шеңберлі алаңда орналасқан. Мүсіннің ұзындығы – 165,5 см, ені – 85 см, биіктігі – 120 см.Қордай гранитінен қашалған мүсін – биіктігі 220 см бес деңгейлі тұғырға қойылған. Тұғырдың мүсін қойылған алаңқайының көлемі – 200х90 см. Қошқар ежелгі арии мен қазақ мифологиясында көктәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы болып табылады. Сондықтан мүсін қошқар бейнесі мен сақ грифінің – гриф басы, арқасындағы қанаты, аяғы сфинкске ұқсас жиынтығы күрделі сипаттамадан тұрады.
Қылует – оңаша тілек тілейтін жер асты мінәжат үйі. Қабырғаларында шырақтар қойылатын шағын қуыстар бар. Намаз оқитын бөлмеге баспалдақ арқылы түседі.
Амфитеатр – түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек алаң бар. Көрермендер орындары тұйық шеңберленіп келеді де, сатылай көтеріле береді.
Музей ғимаратының құрылымы бір қабатты. Ғимарат 3 экспозициялық залдан тұрады. Онда Қорқыт өмір дәуірдің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін құндылықтар мен жәдігерлер қамтылған. Музей қорында 700-ге жуық экспонат сақтаулы.
Стела, қылует, амфитеатр орналасқан биіктетілген алаңқай гранитпен жапсырылған биік бетон қабырғамен қоршалған.
21 сәуір 2018 ж. 2 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031