» » ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ

Мына әлем күннен-күнге қатайып барады десек те, ол мейірімді адамдарсыз емес. Бірі – айналасына рухани шуағын шашса, бірі – материалдық жағынан демеуде. Ал енді бірі – қолынан келгенін істеп, қайырымдылықтың асыл арқауына айналуда. Жосалы кентінің тұрғыны, еңбек ардагері Пернегүл Әбіләкімқызы да осы ортаның белсендісі.
Әр нәрсеге бір нәрсе себеп болады демекші, жастай берілген тәрбиенің тасқа қашалған тарихтай адам жадында сақталып қалатыны бар. П.Өтепованың да әкесі Әбіләкім кезінде елге сыйлы, көпке қамқор бола білген кісі.
– Әкем көпшіл адам еді. Біреуге жақсылық жасағысы келіп тұратын. Көршілерге есек арбамен отын әкелсе, «жақсылық жасасаң – бүтіндей қыл» деп, өзі түсіріп беріп кететін. Сонда жеңгелері: «Қайным-ау, түсіріп нең бар, әкеліп бергенің де жетеді ғой», – деп әзілдейтін. Әкем болса, сабырмен: «Мұның сауабы ертең ұрпағыма тиеді», – дегенді айтатын. Ол кезде түсінбедік. Бәлки, менің мейірім орталығын ашуыма әкемнің осындай қарапайым, қамқор пейілі себеп болған шығар, – дейді кейіпкеріміз.
«Біреу – тойып секіреді, біреу – тоңып секіреді», – деген ғой қазақ бабамыз басынан өткенін айтып. Рас, қазір біз әлемдегі бақытты елдің біріміз. Десе де, арамызда жалғызілікті, қолдауды қажет ететін отбасылар әлі де болса бар екені өтірік емес. Осындайда мұқтаж жандардың жанына жалау болып, араға алтын көпір салып жүрген қайырымды жанның орталық ашқанына шын мәнісінде риза боласың. Оның «Мейірім» орталығы Жосалы кентінде 2016 жылдан бастап жұмыс істеуде. Мақсат – қолда бармен бөлісіп, мұқтаж отбасыға көмектесу. Ортаға дәнекерлік ету. Шариғат ысырапты қолдамайды. Сол себептен не нәрсені де өртеу, болмаса далаға лақтыру – дұрыс емес. Пернегүл апамыз да кей жанның таза, ұқыппен киілген киімін қабылдап, қажетті жеріне жеткізуге септігін тигізеді.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бір-біріңе қол ұшын созыңдар, бір-біріңді демеңдер, – деп айтылады. Киіммен қоса, тұрмыстық бұйым, тағы басқасын қабылдаудамын. Мендегі дүниенің барлығы ескі деген ұғым болмауы керек. Жаңа киім-кешектер де болады. Әсіресе, кәсіппен айналысатын жүрегі жылы қыз-келіншектер Алланың ризалығы үшін қағазы жұлынбаған жаңа киімдер әкеліп өткізеді, – дейді апамыз.
Ол бұл еңбегіне ақы алмайды. Қоғамдық негізде ұйымдастырылған жұмыс. Әйтсе де, оның әрбір күні алғысқа толы. П.Әбіләкімқызының орталықты ашудағы тағы бір мақсаты – көп ауыра беріпті. Әкесі айтқандай, елден сауап жыйса, ризашылыққа бөленсе. Ол халықпен жұмыс істей бастасымен-ақ ауруын ұмытқан сыңайлы.
Мейірімді жанның бұл еңбегі ескерусіз емес. Ол аудан әкімдігінің «Жомарт жүрек» номинациясымен марапатталса, «Қайырымдылық-2018» акциясына қатысып, облыс әкімінің алғыс хатымен мадақталған.
Түйін:
Адам – алдында қандай тағдыр тұрғанын білмейді. Бүгінде жоғарыда отырып төменге қарауға ерінетіннің – ертеңгі өмір-ағысы қалай жылжитыны беймәлім. Аталарымыз айтпақшы, «Алланың бір есігі жабылса, екінші бір есігі ашылады, – деп. Қазіргі кем-кетікке тұңғиық деп қараудың қажеті шамалы. Жосалы кентіндегі Қорқыт ата көшесінде орналасқан (жер бөлімі мекемесі) «Мейірім» орталығы сізге қашан да көмек қолын созуға әзір. Өмір – сынақпен шыңдалады. Сіз де алдыңыздан кездескен сынаққа сынбауға тырысыңыз. Өйткені, Пернегүл апамыз секілді мейірімді жандар қашан да жаныңыздан табылады.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
10 сәуір 2019 ж. 1 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031