» » КІМГЕ СЕНЕСІЗ?

КІМГЕ СЕНЕСІЗ?

Бүгінгінің талабы солай болып бара ма, адамға сенуден қалып барамыз. Бұл рас дүние. Қоғамның өзгергені ме, адам пейілінің тарыл­ғаны ма екен, кім білсін?! Қалай ойласақ та адамның бір-біріне деген сенімінің азайғаны ақиқат. Сұрақты төтесінен қоялықшы. Сіз кімге сенесіз? Бір үйде тұратын, бір анадан туған бауырыңызға сенесіз бе? Жоқ әлде бірге жүріп жұмыс істейтін адамға көбірек сенесіз бе? Ешқайсысына да толық сенемін деп кепілдік бере алмайсыз ғой. Солай ма?
Иә, қазірде бір-бірімізден сенімсіздік танытып, сезіктеніп, қорқатын болдық. Мәселен, үлкен қалада қарияның ауыр дорбасын көтеруге жәрдемдесейін десең, ат тонын ала қашып үрке қарайды. Сірә, затымды ұрлап кетеді деп қорықса керек. Қорқуының да өз жөні бар. Кейбір бұзақы жас буын көшеде қауқарсыз жүрген қарттардан барын тартып алып, көше шетіне итеріп кететін жайт та аз емес. Осыдан кейін қарттарымыз жастардың көмегінен бас тартады емес пе?! Осы секілді біреуге жәрдемдесейін десең, үрке қарайтындар қарасы көп. «Ол маған неге көмектесті, бір ойлағаны бар» деп жақсылық жасаған адамға жамандықты апарып жақындатып қоямыз. О неге? Жоғарыда айтқандай, аузы күйген үрлеп ішедінің кебі. Ақкөңіл жанның аңғалдығын өз пайдасына жаратып, адамды сан соқтырғандар қаншама?!
Бірде ауылда үлкен үйде той болып жатқан. Дастарқан басына бөтен бір кісі келіп жайғасты. Сірә, біз көрмеген осы үйдің жамағайыны шығар деп ештеңе демедік. Таныс кісіше бізбен әңгімелесіп отырды. Сәлден соң бәріміз тұрып кеттік. Әлгі кісі бір жаққа асығып отырғанын айтып, жақын жердегі бауырымызға жеткізіп тастауын өтінді. Той күні келген қонақтың бетін қайтармауға тырысып, жақсылық жасайын деп діттеген жеріне апарып тастады. Манағы отырған бөлмеде сіңілімнің қуат көзінде тұрған ұялы телефоны болған еді. Қайта айналып келсек, телефон жоқ. «Жамағайынға» жақсылық жасаймын деп жүріп қалтафоннан осылайша айырылып қалған едік. Иә жақсылық жасап, артынша опық жеу кім-кімді өкіндірері анық. Жақсылықтың соңы жамандықпен аяқталуы адам арасындағы сенімді азайтып барады. Бәлки, бұл бір қалған көңілдің, қателіктің әсері ме екен?! Бәріміз пендеміз. Қателіктің болуы да заңды. Асылы, сол қателіктен сабақ алып, келесіде оны болдырмаудың қамын қылу керек.
Ақнұр Сағынтай,
«Қармақшы таңы».
29 наурыз 2019 ж. 1 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031