» » Кім патриот?

Кім патриот?

Осы бiз патриоттық пен белсенділікті ша­­­­­­­тас­тырып жүрген жоқпыз ба? Пат­риот­тықтың парқына барып жүрміз бе? Отан­сүйгіштікті замандастарымыз қалай түсініп жүр? Сауалды төтесінен қойып көрелік.
Бүгінде патриоттықты ту еткен жастар ұйымдары жетеді. Ересектер басқаратын ұйымдардың да ұстанымы осы. Қандай ұйым болмасын бір соқыр сенімнің соңында жүр, “әрбір қазақстандық мемлекеттен не аламын деп емес, мемлекетке не беремін деп өмір сүруі тиіс” деген. Кез келген жас осы жаңсақ әңгімені жыр етеді. Астына үңілген жан бар ма? Әлде, Ахмет Байтұрсынұлынан асқан ғұлама болғысы келе ме? Қандай жан болғанымен мемлекетке мәжбүр, ал мемлекет адамға мәжбүр.
Әрбір қазақстандық мемлекетке не беріп жатыр? Жердің асты мен үстіндегі мыңғырған байлық – халықтікі. Бұл – бір. Екіншіден әрбір жұмыс істеген азамат мемлекетке пайдасын тигізеді. Үшіншіден, салық. Міне, үш жүйе арқылы мемлекеттің гүлденуіне әрбір қазақстандық ат салысып жатыр. Елде туған адамның өзі елге пайда тигізеді. Себебі, елдің бірінші байлығы мұнай, ақша емес, адам.
Негізгі сұраққа оралайық, патриот деген кім? Қолына ту алып, көше бойында шеру өткізгендер ме? Әлде, қоғамдағы жайтқа жаны ашып, ашық пікірін білдірген немесе кей жат ағымдағы жастардың бұрыс әрекетіне тоқтау қоюдың амалын қарастырған жан ба? Ақшасын берсе туды көтеріп, шерулететін жан табылмайды емес. Патриоттықты Ту мен Елтаңба, Әнұран төңірегінде қалдыруымыз керек пе? Кеше сол көк байрақты, Елтаңбаны төбесіне көтеріп, Әнұранды дауысы қарлыққанша шырқаған кей шенеуніктер бүгін қашқын атануда. Сонда олар да патриот па? Кімді патриот деп білеміз? Мәселен, қазақтың тұңғыш прокурорын білетін жан бар ма? Сүлеймен Есқараев Тұрмағамбет Ізтілеуұлы тұтқындалғанда, барын салып, НКВД құзғындарынан босаттырды. Талай адамды оқыған-тоқығаны үшін, елі үшін еңбек еткеніне бола қуғындалғанда көмек қолын созды. Мұстафа Шоқай ше? Туған жердің азаттығы үшін күресіп, бүгінде сүйегі жат жерде жатыр. Сол уақыттағы коммунистік партияның мүшесі болған Сәкен Сейфуллинді алайық. Билік партиясы жолында жүргенімен, елдік мұратқа қол созды, билік мұраты үшін емес. Патриот адам елінің кешегісі мен бүгінін, ертеңін ойлайтын азамат болуы тиіс. Рас, бүгінгі белсенді жастардың аузынан замандастарын “енжар”, жалқау”, “еріншек” дегенін жиі естиміз. Ал, есесіне ел ағаларына жастардың келеңсіздігін тоқтату үшін мынандай жағдай жасайық дегенін ести алмаймыз. Ұраншылдықты қашан доғарамыз? Абайдың өзі “ұраншыл болма, құраншыл да болма” деген емес пе?
Патриотизм бөлуге, бөлшектеуге болмайтын дүние. Ол не қазақстандық, не ресейлік болып бөлінбейді. Патриотизм қосылмайды. Орыс елін өзінше, қазақ елін өзінше сүйеді. Екеуі бір-бірінің туған жерін алмастырып сүйе алмайды. Жалған патриотизм деген бар. Көзбояушылықпен жасалған жұмыстың өнім бере қоюы неғайбыл. Сол сықылды жалған патриотизм де елді биікке көтермейді. Сондықтан, жалған патриотизмге жол бермеген жөн.
Дастанбек САДЫҚ.
09 маусым 2018 ж. 2 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031