» » Қар жолда, тайғақ кешу

Қар жолда, тайғақ кешу

Тақырыбын оқығанда сөзін бұрмалап отырған, ақын жазушы Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы ғой дерсіз. Иә! Сіз оқыған кітаптың роман сюжетінде көрнекті ақын, күрескер Сәкен Сейфуллин тұлғасы зор тарихи-әлеуметтік құбылыстың қазақ жеріндегі дүмпуін, сахара халқының ұлттық-саяси бостандыққа ұмтылған алмағайып тағдырын елестетсе, біздің сөз еткелі отырған «Қар жолда, тайғақ кешу» тақырыбымызда өз ауданымыздағы жұртшылықтың көкейінде жүрген түйіткүл мәселенің бірі десек артық айтпаймыз.

Желтоқсан айында бір түнде құйып салған қар барлығымызға тосыннан жасалған сыйлықтай болды. Балалар қуанып қармен ойнаса, үлкендер жағы ауласын қардан тазалап әлек. Тіпті көшесіне дейін қырып тастаған. Кейде өзі­мізді көше комитетінің жанынан құрыл­ған комиссия мүшесі секілді, әр үй ауласының тазалығын жолшыбай өтіп бара жатып, көзбен бір-бір шолып өтетініміз рас. Осындайда көше тұрғындарының пысықтығы көрініп жатады. Ауласы таза. Көңілге қонымды. Ал аудан орталығының көшелері қандай? Қардан тазартылған ба?
Бір кісі үйінде тынығып жатып бір дыбыстан оянып кетіпті. Шалыс естідім ба деп көзін қайта жұмып енді ұйықтап бара жатса әлгі дыбыс одан сайын күшейіп көкемізді жатқызбапты. Шыдамай тысқа шықса, көршісі қолына күрек алып, қар күреп, есік алдына жүретін жол ашып жатыр екен. Көкем саспастан көршісіне ұрыса сөйлеп:
– Не істеп жатырсың, саған біреу қар күре деді ма? – демей ме, інісі:
– Ең болмаса жолыңызды күреп тастайын, – депті. Ағамыз қайта ұры­сып – Нең бар қарда, қар деген қыстың сәні емес пе? – деп үйіне кіріп кетіпті. Бұл болған жағдай.
Кент тазалығына қарайтын көке­лерімізде қыстың сәнін бұзғысы келмеді ме қойш, әйтеуір көше­лердегі қар жатқан күйі қалды. Ауылдың ішін шыр айналып, жер сүзгілеп қар итерген бір техниканы көргеніміз жоқ. Ағылған көліктердің жүрісімен асфальттарда тапталып нығыздалып қалды. Енді қызығын қараңыз. Тапталған қар, үскірік аязбен хоккейшінің алаңындай сырғанақ болып шыға келді. Көліктің жүрісіне де, жаяу жүргіншіге де зияны тиді. Алғашқы қадам жасап тәй-тәй басқан баладай жүріп, қай жағымнан көлік келіп қалады екен деп жұмысына асыққан жандар дыбыстарға үрке қарап жүрді. Мұндай жағдайда аяғы тайып қолын шығарып алып немесе жамбасын сындырып ауруханаға түскендер де болды. Бірақ құдай сақтасын мұндай жағдай орын ала қойған жоқ.
Сақтықта қорлық жоқ. Қымбат көлік айдап, қалтасы көтерген жандар дөңгелектерін қысқы маусымға ауыстырып сақтанып жүр. Ал ақшасы жоқ азаматтар желінген дөңгелегімен қар үстінде тежегішін баса сырғанап әлек. «Мен кімге соғамын, маған келіп кім соғады» дегендей. Тағыда құдай сақтасын дейік, көлік соққан кім-кімге болмасын тіпті қоғамға пайдасын әкелмейтіні бәрімізге аян. Рас, қар тапталып, жол құрсанған мұзға айналғанда кент көшелеріне грейдер шықты. Ұстасқан мұзды грейдер асфальттан толық айыра алмады. Өйткені грейдер тегістеу құралы, қар күрейтін техника емес. Оны қоя берелік, аудан орталығында екі темір жол өткелі бар, бірі кентті сыртынан айналып өтер аспалы көпір, екіншісі – орталықтағы өтпелі жол. Сол өтпелі жолды пойыздың келер уақытында жауып ашып тұратын қызметкерлер қар жауғаннан кейін тыпыр тірлікке көшеді. Қар жауғаннан қарды күрейді, тұз аралас құм төсейді. Ал кент тазалықшылары қарды жауғанда емес, әбден тапталғанда күрей ме? Әлде қыстың әрін кетірмеуді ойлай ма?
Ер НАЗАР.
18 қаңтар 2019 ж. 2 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031