» » » Жұматай Сабыржанұлының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында естелік кітаптың тұсауы кесілді

Жұматай Сабыржанұлының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында естелік кітаптың тұсауы кесілді

Қазақ журналистикасының бірегей тұлғасы Жұматай Сабыржанұлының туындылары оқырмандарының жүрегінен орын тапты.
Бар жоғы елу бес жыл ғұмырында халқына өшпес мұра қалдыра білген қалам иесі көзі тірі болғанда бүгінде 70 жасқа келер еді.
Жұматай Сабыржанұлы – қарымды қаламгер, ақиқатты ту еткен азамат. Жарық көрген үш кітабы жұрт жабыла іздеп жүріп оқитын өшпес туындыға айналды. Оның әр сөзін қашап, мінсіз мүсін күйіне жеткізген сөйлемдері мен ой толғамдары – ойлы оқырманның рухани азығы. Жұматайдың туған тіліміздің тағдыры үшін күрескен табанды жігері, азаматтық ұстанымы, мәрт мінезі жайлы аз жазылған жоқ.
Көпен Әмірбек, сатирик-жазушы:
– Сықақшылар қауымында «сатира – қаһарлы қару, оны қолдан түсіруге болмайды» деген бір ұран бар. Жұматай Сабыржанұлы сол қаруды қолдан түсірмеген керемет сықақшы болды. Оспанхан ағамыздың бір ауыз өлеңі бар. «Қажымайтын, қайыспайтын қара нар, Ертедегі Ер Төстікке пара-пар». Қазақ сатирасының қара нары Жұматай Сабыржанов болды.
Қаламгердің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Шындық үшін шарпысқан» атты естелік кітаптың тұсауы кесілді. Онда қазақ қаламгерлерінің, әріптестерінің жазбалары топтастырылған. Сатириктің шығармашылығы сан қырынан сараланады. Белгілі жазушы Ғаббас Қабышұлы: «Ақ алмастың және бірі шарт сынып, қыны бос қалды. Қазекем айтқан «от ауыз, орақ тілді» шешеніміз Жұматай кете барды», – деп жазған болатын.
Сәкен Сыбанбай, журналист:
– Жұматай ағамыздың жазғандарын іздеп жүріп оқитынбыз. Ол кісінің қысқа, нақты жазуы қызықтыратын. Соған еліктедік, бізде солай жазсақ екен дедік. Көсіліп көп жазбайтын, айтар ойын 1-2 беттік мақалаға сыйдырып, шеберлікпен жаза білетін.
Жұматай жазып кетіпті: «...ақылым жеткен жерге дейін әділін айттым, шама-шарқым жеткенше шындық үшін шарпыстым». Ұлттық көсемсөздің көрнекті өкілі Жұматай Сабыржанұлының шыншыл шығармалары келер күндерге қызмет ете бермек.
09 қаңтар 2018 ж. 2 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031