
ТҮТІНІ ТҮЗУ, ТҰРМЫСЫ БӨЛЕК МАЙЛЫӨЗЕК
Күн еңкейе Алдашбай ахун ауылына құладық. Кешкі шапақ ауылды қызыл түске бояп, өзгеше реңк берген. Көкте тыраулаған тырналар қаз-қатар тізіліп, бұлттарды жарып барады. Қорада мөңіреген бұзау мен маңыраған қозы-лақтың дауысы жанға рахат сыйлағандай. Жайылымнан оралып, мал ізінен шұбырған шаң да ауылдың кейпін...