» » » Баланды кесенесі – баламасы жоқ тарихи нысан

Баланды кесенесі – баламасы жоқ тарихи нысан

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіші. Баланды ІІ (Бұланды) жерлеу құрылысы дөңгелек болып келеді, диаметрі шамамен 16 м. Кесене қабырғалары қазіргі тақырлар деңгейінен 4,5 м биіктікте орналасқан. Қырларды қалыптастыратын сүйірленген үш бұрышты 25 қалақшалармен өңделген төмен цилиндр болып табылады. Құрылысқа кіретін есігі оның оңтүстік бөлігінде орналасқан және аркалы қуысы бар портал ретінде безендірілген. Дәл осындай қуыстар ішінде орналасқан жеке камераларды бір-бірімен жалғастырады. Ғимараттың орталық бөлігінде диаметрі 5,5м күмбезбен жабылған және оның шыңы қираған дөңгелек бөлме орналасқан. Сақталынған биіктікте күмбез жалған болып табылады, өйткені кірпіштердің жоғарғы бөлігі төменгі бөлігінің үстінен қалыптасқан. Іргетасында біршама еңіс тұрғызылған кірпіш қабырғаларға тіреліп тұр: іргетасындағы қабырға қалыңдығы 160-165 см, еденнен 1,5 м биіктіктегі күмбез басталатын жердегі қалыңдық – 125 см. Қабырғалар да күмбез тәрізді саман жақпасымен қапталған. Дөңгелек бөлменің едені жер болып табылады.
22 шілде 2019 ж. 1 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 119
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031