СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КИЕЛІ ОРЫНДАР: ҚҰМҒА КӨМІЛГЕН ҚАЛАЛАР
Шірік-Рабат мәдениеті. Еліміздің тарихында алғашқы егіншілік мәде¬ниетінің ірі ошағы, қала мәдениеті, қорғаныс жүйесі дамыған бекіністері және жерлеу ғұрыптары ерекше. «Шірік-Рабат мәдениетінің» жайлаған аймағы Қармақшы ауданы жерінде орналасқан. Бұл өркениет б.з.д. IV-II ғасырларда қанатын жайып, Шірік-Рабат қаласы Арал маңы сақтарының «дах» деп аталатын тайпасының діни-рухани астанасына айналған.
Бұл мәдениетке Жаңадария бойындағы айналасында жергілікті қоныстар кешені мен дамыған суландыру жүйелері бар, көлемі кішірек, бекіністі Бәбіш мола қала жұрты да жатады. Шірік-Рабат мәдениетіне жатқызылатын осы тектес тағы бір ескерткіш – Баланды қалашығы. Оларға жақын маңда зәулім жерлеу құрылыстары бар. Оларда жергілікті ақсүйектер жерленген және алуан түрлі жерлеу мүліктері қойылған.Мысалы, Баланды-2 кесенесі осы уақытқа дейін Орта Азия¬ның антикалық кезеңінің архитектурасында ең ежелгі қүмбезді сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Бұл – жоспары шеңберлі құрылыстың диамерті – 16 м, қабырғасының биіктігі – 4,5 м. Ғимарат аузы онтүстік бөлігінде орналасқан және арка түрінде әсемделіп салынған. Ғимараттың орталық бөлігінде диаметрі 5,5 м, шеңберлі бөлме орналасқан. Ішкі және сыртқы қабырғаларының арасы – 2,3 м, бұл арада жеті бөлме орналасқан. Бөлмелердің ауыздары бір-біріне жалғаса салынған.
Ескерткіштің мерзімі мен архитектурасына тоқталсақ, нағыз күмбезді құрылыстардың пайда болуы және кең таралуы римдік архитектурасында тек мемлекеттің соңында ғана жүрді. Алғашқы сипатталған күмбездер Витрувияға жатады (б.з.д. І ғ.). Рим архитектурасындағы ежелгі күмбезді құрылыстар шамамен осы кезеңге мерзімделеді. Ал Баланды-2 ескерткішінің мерзімі б.з.д. ІІ ғасырда әрі, яғни б.з.д. ІV ғасырда салынған деуге негіз бар. Егер ол б.з.д. ІV ғасырда жататын болса, онда апасиактардың күмбезді құрылыстары Рим империясының пайда болуына дейін екі жүз-үш жүз жыл бұрын белгілі болған.
Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВ.
Пікір 20