» » Атадан қалған асыл сөз

Атадан қалған асыл сөз


№274 мектеп кітапханасының меңгерушісі К.Акишова мен кітапханашы А.Балманованың ұйымдастыруымен Қармақшы аудынының 90 жылдығына және Омар Шораяқұлының 140 жылдығына арналған портрет кеш болып өтті. Кеш балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге,таным түсінігін кеңейтуге көмектесу. Оқушылардың өз ой пікірін анық айта білуге баулу. Қазақ халқы қуанышы мен қайғысын, іштей тартқан мұң-шерін, яғни басындағы әртүрлі оқиғаларды тілімен жеткізе алмайтын жағдайларда ән мен күймен жеткізген халықтың ән-күйлерін қастерлеу. Туған елден шыққан ақын-жыршылардың еңбегімен таныстыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Қармақшы ауданына биыл 90 жыл. «Қармақшы» атауы 15 ғасырдан бастау алған. Қараөзекарнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған. Ресейменбайланыс орныға бастаған жылдардан (шамамен1850 жылы) бастап осы өткел «Қармақшы форт-2» деп аталған.1904 жылыОрынбор-Ташкент темір жолыныңіске қосылған кезінен жергілікті жерденжосабояуы алынатын бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» деп атаған. Аудан аумағындаҚорқыт ата мазары, «Жетіасар», «Алтындыасар», «Шірік Рабат», «Сырлытам», «Қосқала», т.б. көне заманның тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар. Аты аңызға айналған орта ғасыр ойшылы, күй атасы Қорқыт бабаға, «Рүстем-Дастан»эпосының қазақша нұсқасының авторы ақын Т. Ізтілеуовке, 2-дүниежүзлік соғыс майданында қаза болғандарға арналған ескерткіштер қойылған.1932 жылдан«Қармақшы таңы» газеті шығады. Аудан жеріндеБайқоңыр ғарыш алаңыорналасқан.
Киелі Қармақшы өңірі қазақ еліне 100 шайыр шыққан құтты мекен атауымен танылған. Бұл өңірде орақ тілді шешендер мен жауһар жырларымен елді ауызына қаратқан ақын-жыршылар, бар саналы өмірін ғылым мен шәкірт тәрбиелеуге арнаған ғалымдар мен ұстаздар, жезтаңдай әнші-күйшілер, өнер қайраткерлері туып-өскені баршаға мәлім. Талай сұңқар түлеткен, жүз жырауы жыр төккен Қармақшы елi-ежелден жыр мен сырға бай өлке!!! Ұлағатын ұрпағы ұлықтаған ұлы өлке! Қармақшы елiнде Қорқыт атаның табанының табы қалған! Бүгін біздің «Атадан қалған асыл сөз» атты портрет кешімізде оқушыларға Сырдың сүлейлері арасында шоқтығы биік Омар Шораяқұлының 140 жылдығына байланысты өмір жолына, еңбектеріне тоқталып сыр сүлейі туралы толық ақпарат берілді. Кеш барысында Шораяқтың Омарының еңбектеріне арналған бейне таспа көрсетіліп, Алмас Алматовпен Ұлжан Байбосынованың орындауында орындалған термелер бейне экраннан көрсетілді. Оқушылар кеште туған өлкенің тарихымен, өнерімен сусындап жақсы әсер алды.
Х.Өмірғалиқызы,
Байқоңыр қаласы.
10 сәуір 2018 ж. 2 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031